СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРIЛДI

СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРIЛДI

СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРIЛДI
ашық дереккөзі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң басшылығы мен «Парасат» кәсiподағы жылдағы дәстүрi бойынша қасиеттi Рамазан айында ораза ұстаған студенттерге ауызашар берудi бастады. Кешегi күнi оқу орнының орталық асханасына 300-ге жуық әр факультеттен ауыз бекiткен студенттер жиналды. Студенттерге ауыз аштыру рәсiмi ораза айы бiткенше жалғаспақ. Жыл өткен сайын имандылыққа бет бұрып, сабырлылық пен мейiрiм мектебiнен өтетiн шәкiрттер саны артып келедi.

Ауызашар рәсiмiнде имам Мырзахмет Жүзей бұл дүниеден өтiп кеткен ата-баба рухтарына бағыштап Құран оқып, бiлiм қуған жастарға батасын бердi. Сонымен қатар тәрбиелiк мәнi зор тағылымды уағыз айтып, студенттердiң сұрақтарына жауап бердi.

Жиын соңында студенттер жыл сайын ораза ұстаған жастарға мол дастарқан жайып, қолдау бiлдiрiп отырған университет басшылығына алғыстарын жеткiздi.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметi