БАЙҚОҢЫРДАН ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ
ашық дереккөзі

«Фрегат» қуу блогымен жабдықталған «Союз — ФГ» Globalstar зымыран тасығышының ұшырылатындығын растады.

Ресей жағының «ПротонМ» зымыранынан келген зиян мөлшерiн анықтауды кейiнге қалдырғанына және Байқоңырдан апат салдары анықталып, келтiрiлген зиян қайтарылмайынша, «Протондар» ұшыруға тыйым салынғанына қарамастан Байқоңыр аталған зымыран тасығышын ұшыруға кiрiсiп кеткен. Байқоңырлық ресми өкiлдiң пiкiрiне қарағанда, бұл протон зымыран тасығышы емес, малайзиялық ғарыш кемесi. 10-қазанда Байқоңырдан дәл осы кемемен ғарыштық турист ұшып келген екен. Бұл жолы жерсерiгiн алып ұшпақ көрiнедi. Ал, Байқоңырдан ұшырылуға тыйым тек «Протондарға» ғана салынған.

Бұған қарамастан, Ресей ақпарат агенттiктерi Байқоңырдан «Протон» ұшыруға салынған тыйымның салдарынан дайындалып жатқан Globalstar зымыран тасығышы ұшырылмай қалуы мүмкiн деген күдiктi ақпарат та таратыпты. Алайда, ресейлiктер бекер күдiктенедi. Бәрiне көз жұмып үйренген қазақ протондардың топырлап қазақ даласына құлағанына қарамастан, екiншiсiнiң ұшуына мүмкiндiк берiп отыр.

Есенгүл Кәпқызы