Жаңалықтар

БӘРIНЕ БIРДЕЙ ӨТЕМАҚЫ БОЛМАЙДЫ

ашық дереккөзі

БӘРIНЕ БIРДЕЙ ӨТЕМАҚЫ БОЛМАЙДЫ

Арнайы қорғаудағы табиғи аймақта орналасқан жерлердi мемлекетке қайтару үшiн олардың иелерiне өтемақы төлеу жөнiндегi мәселе ақпарат құралдарында талқыланып келедi. Осы мәселеге байланысты Бас прокуратура мәлiмдеме таратты.

Дауға түсiп отырған жер телiмдерi мен онда салынған құрылыс нысандарының бiраз бөлiгi заңды негiзде сатылып алынған. Мысалы, Талғар және Қарасай аудандарындағы кейбiр жер телiмдерi Iле Алтауы мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы құрылғанға дейiн жекешеленген. Ал осы жер телiмдерi арнайы қорғаудағы табиғи аймаққа жатқызылатын болса, онда олардың иелерiне Жер кодексiне сәйкес нарықтық құнына тең өтемақы төленуi керек.

Бiрақ жердi заңсыз басып алып, онда өз бетiмен үй салған азаматтар да бар. Бас прокуратура мұндай азаматтарға ешқандай өтемақы төленбейтiнiн мәлiмдейдi.

Сондай-ақ, арнайы қорғаудағы аймақтағы жерлердi жекеменшiкке берген оқиғалар да болған. Бұл жағдайда жер иелерiне тек нақты шығындары қайтарылады. Ал олар жер телiмдерiнiң жекешелендiруге жатпайтынын бiле тұра сатып алғаны дәлелденсе, оларға ешқандай өтемақы берiлмейдi.

Бас прокуратура әр нысан мен жер телiмi бойынша iс егжей-тегжейлi зерттелiп, тек заңдық негiзде және сот шешiмi негiзiнде мемлекетке қайтарылатын болады.