Малайзияда екінші танкер жоғалды

Малайзияда екінші танкер жоғалды

Малайзияда екінші танкер жоғалды
ашық дереккөзі

Малайзия жағалауында  мұнай өнімі тиелген тағы бір танкер жоғалды. Жағалау күзетінің ақпаратына сүйенген Рейтерс дерегінше, танкерде 50 мың баррель бензин болған.

Сонымен қатар, кеменің жеке құрамы - 16 адам да із-түссіз жоғалып кеткен. Соңғы айда осы аумақта жоғалып отырған бұл екінші танкер. Өткен жекесенбіде 6 мың тонна бензин тиелген Аи-95 танкері де іс-түссіз жоғалып кеткен еді. Қазіргі күні теңіз бетінде қарқынды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Малайзия билігіне Австралия өз көмегін ұсынған. Малайзия тарапы көмек сұрап, жоғалған танкер туралы ақпаратты Индонезия мен Сингапурге де жолдап отыр Қазіргі уақытта іздестіру аумағы 20 мың шаршы шақырымға кеңейтілген.