Жаңалықтар

«АЛТЫН ЖҮРЕК» ӨЗ ЖЕҢIМПАЗДАРЫН КҮТУДЕ

ашық дереккөзі

«АЛТЫН ЖҮРЕК» ӨЗ ЖЕҢIМПАЗДАРЫН КҮТУДЕ

Қоғамның әр саласындағы әлеуметтiк көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауды ешкiмнiң ықпалынсыз-ақ екiншi мiндетке айналдырған мекемелер, кәсiпкерлiк ұйымдар мен жеке тұлғалардың еңбегiн елеп-екшеп, бағасын беру тұңғыш рет жолға қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының Президент әкiмшiлiгi мен «Бауыржан» қайырымдылық қоры биыл тұңғыш рет Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындап, нәтижесiнде Қазақстан аумағындағы қайырымдылық жасау iсiне немесе әлеуметтiк маңызы бар жобалардың iске асырылуына ең көп қаражат жұмсап жүрген кез-келген коммерциялық ұйым немесе жеке тұлға «Алтын Жүрек» сыйлығының иегерi атанады. Iргелi жобаны ұйымдастырушылардың негiзгi мақсаты — меценаттық белсендiлiк пен қайырымдылық шараларды барынша насихаттау, Қазақстандағы қайырымдылық шаралардың дамуын қалыпқа келтiру, қоғамдағы «меценаттық белсендiлiк» пен «қайырымдылық шара» түсiнiгiн жетiлдiру, аталған шараларға ат салысам деген азаматттарды, мемлекеттiк бюджет қаржысынан тапшылық көрiп отырған қоғамдық және әлеуметтiк — мәдени бағдарламаларға тарта бiлу. Алқа мүшелерiнiң саралауымен жеңiмпаздар төмендегi жүлделер бойынша анықталады:

1. «Жылдың қайырымды адамы» жүлдесi – аса үлкен қайырымдылық қызметi үшiн;

2. «Жыл меценаты» жүлдесi – мәдениет саласына қолдау көрсеткенi үшiн;

3. «Жыл құтқарушысы» жүлдесi – адам өмiрiне араша түсу жолындағы кәсiби бiлiктiлiгi мен ерлiгi үшiн;

4. «Ұлт мақтанышы» жүлдесi – әлеуеттiң аз қамсыздандырылған бөлiгiне әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қолдау көрсеткенi үшiн;

5. «Жетiм балаларға көрсеткен қамқорлығы үшiн»;

6. «Ана мен баланы қорғау бағдарламасына қолдау көрсеткенi үшiн»;

7. «Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшiн»;

8. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшiн»;

9. «Спорттың дамуына қолдау көрсеткенi үшiн»;

10. «Бiлiмнiң дамуына қолдау көрсеткенi үшiн»;

11. «Жыл ұйымы» жүлдесi – жылдың ең үздiк қайырымдылық жобасын iске асырған компания немесе ұйым үшiн;

12. «Ақпараттық қолдау» жүлдесi – БАҚ-та қайырымдылық тақырыбында жарияланған ең үздiк мақала үшiн;

13. «Халық әртiсi» жүлдесi – қайырымдылық акцияларына қолдау көрсеткенi үшiн.

Тұңғыш Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының жеңiмпаздары 2007 жылдың 27 қазанында анықталады.

Балжан ҮСЕЕВА