Жаңалықтар

ЖҮКЕШЕВТIҢ БҰЛ ҚАЙ «ДАЛБАСАСЫ»"?

ашық дереккөзі

ЖҮКЕШЕВТIҢ БҰЛ ҚАЙ «ДАЛБАСАСЫ»"?

Философия ғылымдарының кандидаты Қ.Жүкешевтiң "Деловая неделя" газетiне 2007 жылдың 27 сәуiрiнде шыққан "Далбаса государственного назначения или об аграрном языке постиндустриального общества" деген мақаласын оқығанда, жағамызды ұстадық. Бұдан баяғы "жабайыны жабайыға" айдап салу әдiсiнiң жүзеге асқанын, қазақты қазақтың аяусыз қорлағанын көрiп, қорландық, намыстандық.

Әңгiмесiн "только наши казахские языководы не только не требуют соблюдение литературных норм в языковой практике, но никогда не говорят об этом. Результат очевиден: в языковой практике употребление родного языка не соблюдаются литературные нормы, ибо их просто нет".

Жан-жақты бiлiктi, данышпан бабамыз Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тiлi жөнiндегi еңбегiнiң және сол кiсiнiң атындағы Тiл бiлiмi институтының қызмет жасап отыруының өзi қазақ әдеби тiлiнiң бар екенiнiң дәлелi емес пе?

Жоқ, олар ай қарап отыр дейсiз бе, соншалықты түсiнiктi қарапайым қағиданы не сонша бұрмалайсыз, егер де әдеби тiл нормасы болмаса, сiз қалайша ғылыми дәреже қорғадыңыз, оқулықтарды қалайша жаздыңыз, әдеби нормасы жоқ тiлмен. Егер, сiз қазақ тiлi бүгiнгi күнi кейбiр кедергiлерге байланысты қолдану аясы өз дәрежесiнде емес десеңiз және отарлаушы империяның әдейi жасаған қастандығынан қаны шығып әлсiредi десеңiз, сөз басқа болар едi.

"При бессистемном разговоре на казахском языке мысль становится непонятной" деп тұқыртасыз қазақ тiлiнiң сан ғасырлық тарихын, әлемнiң талай-талай саяхатшы-зерттеушiлерiн әуендiлiгiмен, әуездiлiгiмен, сөз байлығымен тамсандырғанын бiлмейсiз бе, тiлдiң философиясын зерттеушi "тек қана менмiн" деп көкiрек қаққан ғалым емессiз бе, сан мыңдаған шақырым жерi бар қазақтың арғыны мен адайының, албаны, жалайыры мен қоңыратының бiр-бiрiн түсiне алмай жатқанын, не болмаса ғұламалар Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұландар қазақ бауырларына өздерiнiң телегей теңiз бiлiмдерiн қазақша айтып түсiндiре алмапты дегендi есiттiңiз бе??? Сонша қазақ тiлiнiң, өзiңiз шыққан ұлттың қара шаңырағы– ауылдың соңына шам алып түсуiңiзге не себеп? "Творцам деревенской субкультуры, воспитанным в казахский филфак, не удалось развить интеллект так, чтобы им было под силу осмыслить и осознать тенденции" деп долданасыз, ауылда өстiң, тәрбиесiн алдың деп жазғырасыз, титiмдей ұятыңыз болса, қазақ және әлем әдебиетiн, қазақ және әлем пәлсафасын жоғары оқу орнында меңгергенiмiзге неге көз жұма қарайсыз? Өз еркiңiзден тыс әлдекiмнiң аузыңызға салған сөзiмен мазақтағыңыз келедi, қазақтық қанымда ауылдық дәстүрiмнiң қалғаны да рас, ауылдық тәрбиемен әлемдiк бiлiмдi меңергенiмiз де рас. Ауылда өсу құбыжыққа айналу емес қой?! "Казахский писатель вышел из юрты, в молодости занимался пастушеством, сейчас живет в мегаполисе, едет на "Мерседесе", пьет коньяк, но все ровно думает только о баранах…

Его затвердевший, не поддающиеся самоактуализации мозг рисует того же "положительного" героя…" Көрмейдi, көрмейдi дегенге түйенi көрмейдiнiң керiн келтiрiп тұрсыз, ең болмаса "Абай жолы" эпопеясын дүниеге әкелген классик Мұхтар Әуезовтiң әруағы атып кетедi деп қорықпайсыз ба, ауылдан шығып, қазақ тiлiнде жазып, тамаша туындысымен әлемдi мойындатқан жоқ па?!

"Она мертва. На деревенскую субкультуру нет спроса не только у иноязычных, но и своих Казахстанских граждан, в том числе, как ни парадоксально, у казахскоязычных, более менее "подвинуты" дегенiне бiр қарасаңыз, осы бiр шындықты бiлiп айтып отыр, шынымен тiлiмiз өлуге айналыпты ғой деген ойға қаласыз, сенесiз де. Бiрақ "для создания "потребности для знание языка" казахи понимая это в буквальном смысле, пытаются организационными мерами вынуждать русскоязычных изучать казахский язык. Абсурдность этого отчаянного шага заключается в том, что инициаторы данного проекта не догадываются, что в Казахстане нет такой интелектуальной силы, которая могла бы обеспечить информационное пространство содержательным материалом на казахском языке". Не деген екiжүздiлiк, дүниедегi қай елге барсаң да өзiнiң мемлекеттiк тiлiн бiлудi жай күштеп қана қоймайды, мiндеттейдi. Орындамасаң қуып шығады, ал философ ағамыз орыстiлдiлерге жағынып мәймеңкөлейдi, сөйте отырып қазақтiлдiлердi жерден алып жерге ұрады, саналылығың да, бiлiмiң де жетiспейдi деп!

Ана сүтiн емген арда тiлiнен жерiнiп қана қоймайды, өзгелердiң "қол шоқпарына" айналып, олармен қосыла, әсiресе "Деловая неделя" газетiмен бiрге бүкiл қазақты мазақ етедi, қорлайды:

"Всему этому можно найти точное название. Это есть далбаса. Красивое казахское слово "далбаса" означает действие от которого нельзя ждать результата (более прямой перевод "ерунда".-ДН"). Причем смысл далбасы предопределяет такую безрезультатность, которая априори понятна даже рядовому человеку, который не блещет семью пядями во лбу. Чем больше далбасы, тем глубже падает авторитет казахского языка перед общественностью".

"Құлдық санадағы" философ туған қазақ тiлiне аузымен от шашып өршеленсе, қазақтың дұшпаны "ерунда" деп отты желмен үрлейдi.

Жабал ШОЙЫНБЕТ