АЛАШТЫҢ АСАНӘЛIСI
АЛАШТЫҢ АСАНӘЛIСI
Аса көрнектi сахна, экран шеберiнiң ""Қазығұрт" баспасынан 5 томнан тұратын көп томдық шығармалары жарық көрдi.
"Майраның әнi", "…Жан бөлек", "Алаштың Асанәлiсi", "Менiң жанрым — күнделiк", "Ғұмыр-дария".
Өмiр. Өнер. Өнерпаз.
Аяулы, аяусыз қилы тағдырлар, өмiр-өнер соқпақтары.
Образға оранған, шеберлiк шыңына көтерiлген қас-қағым қайталанбас сәттер.
Кешегi сахнаның "самородок" сары алтындары, сағынышқа айналған саңлақтар туралы терең, тұңғиық толғаныстар.
Мәртебелi өнер, саф өнер туралы жансарайыңды ашатын ой кешулер.
Шығармашылық портреттер… Таланттың талантты тануы, талантқа тағзым етуi. Өнердегi, өмiрдегi әрiптестерi, қарапайым көрермендердiң жүрекжарды лебiздерi.
Өнерпаздың әр күнiн кестелейтiн өмiр өрнектерi, жүрек қылын шертiп, оқырманмен бүкпесiз сырласатын, оңашадағы ой отауы, көңiл дәптерi — күнделiктерi.
Қысқасы, оқырманның рухани сұранысын қанағаттандыратын мұндай көптомдықтың әзiрге өнер адамының өмiрiндегi атап айтар елеулi жаңалық екенi даусыз.