Жаңалықтар

ОРАЗ ӘЛIМБЕК АҒАСЫНА АРАША ТҮСТI

ашық дереккөзі

ОРАЗ ӘЛIМБЕК АҒАСЫНА АРАША ТҮСТI

Белгiлi журналист Ораз Әлiмбек Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзiп, туған ағасы Нұрлан Әлiмбековтiң ұсталуына байланысты өз наразылығын бiлдiрдi.

Әрiптесiмiз "Түркiстан" газетiнiң поштасына да осы қылмыстық iске байланысты бiрталай деректер жiберген екен. Журналистiң өзi таратқан мәлiметтерiне жүгiнсек, оқиға былай болған:

Шымкент қаласының тұрғыны Нұрлан Әлiмбековтi ҰҚК ОҚО департаментi қызметкерлерi 2007 жылдың 16 тамызында қамауға алған. Әлiмбековке 2007 жылдың мамыр-маусым айларында жеке электронды поштасынан әр түрлi пошталарға ұлттық, дiни алауыздықты қоздыруға бағытталған хаттар таратты деген айып тағылып отыр. Бұл ҚР Қылмыстық кодексiнiң 164-бабының 1-тарауына сәйкес келедi.

Нұрлан Әлiмбековтiң үстiнен қозғалған қылмыстық iс бойынша тергеу амалдары жүрiп жатыр.

Ораз Әлiмбек болса, ағасына тағылған айып негiзсiз, қазiр айыпталушының заңдық құқығы аяққа тапталуда деп мәлiмдейдi.

"Түркiстан-ақпарат"