“АҚСАЙҒА” ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛУДА

“АҚСАЙҒА” ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛУДА

“АҚСАЙҒА” ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛУДА
ашық дереккөзі

Алматы қаласы бойынша iске асырылып жатқан "Алматы өзендерi" бағдарламасы бойынша Әуезов ауданынан өтетiн "Ақсай" өзенiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Күз және көктем мезгiлдерiнде өзендер тасып, аумағында орналасқан жеке үйлермен ғимараттарды және көшелердi су алып кетуi мүмкiн.

Осы орайда Әуезов ауданы әкiмiнiң бастамасы бойынша "Ақсай" өзенiне күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу туралы Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Я.И. Заяцтың атына хат жолданып, игi шаралар қолға алына басталды. Яғни, 2007 жылдың қыс, көктем мезгiлдерiнде "Ақсай" өзенiн күрделi жөндеуден өткiзу мәселелерi бойынша Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс апаттық авариялар және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментiнен, аудандық төтенше жағдайлар бөлiмiнен, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментiнен және аудандық экологиялық инспекциясы, бiрнеше рет комиссия мүшелерi "Ақсай" өзенiн аралап, тексерiп шықты.

"Ақсай" өзенiн күрделi жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың көктем мезгiлiнде шешiмiн тауып, осы жылдың маусым айында күрделi жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын жүргiзiп жатқан "НК Регион Гидрострой" Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi. "Ақсай" өзенiнiң күрделi жөндеу жұмыстары биылғы жылдың күз мезгiлiнде бiтедi деп күтiлуде. Мұндай жөндеу жұмыстарына жергiлiктi бюджеттен Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс апаттық авариялар және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментi арқылы 96 млн. 600 мың теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Күрделi жөндеуден өтетiн "Ақсай" өзенiнiң ұзындығы 2,4 шақырым метрдi құрайды. Жалпы жөндеу жұмыстарына, өзеннiң ешқандай кедергiсiз өтуi үшiн iргетастарды (бетон) құю ғана емес, сондай-ақ аумағын көрiктендiру жатады. Бұл бағытта қазiргi таңда аталып отырған өзеннiң жөндеу жұмыстары 50%-ға орындалды деп айтуға толық мүмкiндiк бар.

Күз және көктем мезгiлiнде "Ақсай" өзенiнiң аумағында орналасқан №1МКА, №7 МКА (ГКБ№1,ГКБ№7), жеке үйлердi су алып кету жағдайлары жиi қайталанады. Болашақта осы күрделi жөндеулерден кейiн мұндай жағдайлардың белең алуына жол берiлмейдi деп сенемiз.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс апаттық авариялар және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментiне және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментiне "Үлкен Алматы" және "Қарғалы" өзендерiн күрделi жөндеуден өткiзу туралы хат жолданды. Алдағы уақытта бұл өзендердiң күрделi жөндеу жұмыстары басталады деген үмiттемiз.

А. БЕКТАС