Жаңалықтар

ЖАСТАР ДА САЯСАТТАН АЛШАҚ ЕМЕС

ашық дереккөзі

ЖАСТАР ДА САЯСАТТАН АЛШАҚ ЕМЕС

Елiмiзде қоғамның бiр бөлiгi – жастар саясатқа белсене араласа бастады. Оған «Қазақстан Жастар Қоры» қоғамдық қоры, Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы Жастар саясаты департаментiнiң 18 тамызда болатын сайлау науқанына орай бiрқатар шараға мұрындық болып жатқанын айтуға болады.

Бүгiнде жастар белсендiлерi Үкiметтiк тұрғыдан болмаса да, аудан, қала, тiптi, облыс төңiрегiндегi орын алып жатқан мәселелердiң шешiлуiне саяси үн қосады. Керек болса, жастар өз арасындағы жұмыссыздықтың азаюына, салауатты өмiр салтын ұстануға әркез бiр-бiрiн насихаттап, жұмыла жұмыс iстеуде. Демек, елiмiздiң болашағы – жастар қоғамның жаралы мәселесiн шешуге толық мүмкiндiк алды. Ендi мiне, жастар сайлауда қалалық, облыстық мәслихат үмiткерлерiн әдiл сайлауға шақырады. Сондай-ақ, сайлауға түсiп жатқан жас үмiткерлердiң шешiмiн қорғап, оларға демеу болу үшiн жас бақылаушылар дайындау қажет. Нәтижесiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы жастар саясаты департаментi «Қазақстан Жастар Қоры» қоғамдық қоры мен «Жастарды таңдау» қоғамдық бiрлестiгiнiң қолдауымен «Жас бақылаушылардың институтын дамыту» семинар-тренингiн ұйымдастырды. Бұған депутаттыққа үмiткер жастардың сенiмдi өкiлi бола алатын жас белсендiлер мен жастар партия өкiлдерi қатысты.

Д.МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ