Жаңалықтар

ТIЛ ҮЙРЕНУ ҚИЫН ЕМЕС, НИЕТ БОЛСА...

ашық дереккөзі

ТIЛ ҮЙРЕНУ ҚИЫН ЕМЕС, НИЕТ БОЛСА...

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Тiл комитетi Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен 31 шiлде мен 1 тамыз күндерi «Мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк тiлдi халықаралық тiл үйрету жүйелерiне сай оқыту мәселелерi» деген тақырыпта семинар-тренинг болып өттi.

Семинар-тренингтiң басты мақсаты – Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығы жаңа қабылдаған «Мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк қызметшiлерге (ересектерге, тiл үйренушi жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлiк оқыту Тұжырымдамасын», «Мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк қызметшiлерге (ересектерге, тiл үйренушi жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлiк оқыту Стандартын», «Мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк қызметшiлерге (ересектерге, тiл үйренушi жеке тұлғаларға) жеделдете деңгейлiк оқыту Типтiк бағдарламасын» жүзеге асыру; түрлi деңгейлерде қазақ тiлiн үйретудегi әлемдiк және қазақстандық оқыту әдiстемелерiмен таныстыру; тiл үйретуде компьютердi қолдану тәжiрибесiн насихаттау және тарату.

Республиканың барлық облыстарының тiл үйретушi оқытушылары мен әдiскерлерiнiң басын қосқан аталмыш шараны Тiл комитетiнiң төрағасы Ерден Қажыбек салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды құттықтады. Ал семинар-тренингтi Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығының директоры Бiржан Белғара жүргiздi.

Семинар-тренингтiң алғашқы күнi Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығы директорының орынбасары, п.ғ.д., профессор Н.Ж.Құрманова, Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығының бiлiктi мамандары Ж.Бектұрғанова, Н.Шадиева, Ұ.Оразбекова, Л.Айтпанова, С.Алдоңғарова, Б.Төребекова, И.Маинова баяндамалар оқып, мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқытудағы өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Семинар-тренингтiң екiншi күнi Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығының әдiскерлерi семинарға қатысушылар үшiн мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқытуға арналған тренинг-сабақтар өткiздi. Тренинг-сабақтарда ересектерге қазақ тiлiн оқытуда ми шабуылы, деңгейлiк тапсырмалар орындау, ойын элементтерiн пайдалану, интернеттi қолдану жолдары, тiлдiк портфельдi қолдану, «кейстiк әдiстеме» арқылы меңгерту, тест алу ерекшелiктерi т.б. әдiстемелер бойынша сабақ үлгiлерi көрсетiлдi.

Бiр айта кетерлiгi, осындай iс-шараны Орталық алғаш рет өткiзiп жатқан жоқ. Мәселен, өткен маусым айында Орталықтың ұйымдастыруымен Мультимедиалық сабақтардың I Республикалық фестивалi өткен едi. Жалпы, Мәдениет және ақпарат министрлiгi мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру бағытында серпiндi iс-шаралар өткiзiп келе жатқанын айта кеткен жөн. Бұл орайда Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығының қызметiн кеңейтiп, әлеуетiн арттыруға, республика аумағындағы жетекшi ұйым деңгейiне көтеруге назар аударылуда.

Шайынғазы НАЗАР, Мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқыту

республикалық орталығы маманы