БIЗДIҢ АУЛАНЫҢ "ЖҰЛДЫЗДАРЫ"
БIЗДIҢ АУЛАНЫҢ "ЖҰЛДЫЗДАРЫ"
Осындай тақырыпта маусым айының 27 -30 аралығында Алматының көп қабатты үйлерiнiң аулаларында дәстүрге айналған жастардың аула шығармашылық фестивалi өттi.
"Алыстағы ағайыннан, жаныңдағы көршiң артық" дейдi халық.Мақалды керiсiнше қабылдайтын кейбiр тұрғындарымыз бүгiнде бiрiн-бiрi танымайды.Осындай арадағы жiксiздiктi жоюды мақсат ететiн байқаудың көздегенi — тұрғындар арасында тату көршiлiк қарым-қатынасты өрiстету, ынтымақ пен бiрлiкке шақыру.Байқау барысында шағын концерттiк бағдарламалар, спорттық және интеллектуалды ойындар, шығармашылық, аспаздық және тағы басқа да сайыс ұйымдастырылып,әр түрлi сыйлықтар үлестiрiлдi.
Фестивальдi ұйымдастырып, демеушiлiк жасағандар:Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры мен"Нұр Отан" ХДП "Жас Отан"жастар қанаты.
300-ден 1000-ға жуық аула тұрғындары қатысқан iс-шара, Орталық демалыс паркiнде сайыстың жеңiмпаздарына "Алғыс хаттар" берiлiп, сахна жұлдыздарының тұрғындарға арналған ән шашуымен аяқталды.
ТЫҢ ЖОБА
Елiмiзде халықаралық деңгейде бiлiм беретiн оқу орындарының бiрi–Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжау инcтитуты(KIMEP) 1992жылы тiкелей Елбасының Жарлығымен құрылған. Институттың басты мақсаты–халықаралық деңгейде қарым-қатынас жасай алатын жаңа тұрпаттағы кадрларды дайындау.
Оқу тiлi–ағылшын тiлiнде жүредi.Соған қарамастан, қазақ тiлiнiң салмағын таразыға тартып байыптау мақсатымен, ғылым кандидаты, журналистика профессоры, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигi ҚМЭБИ-дiң қазақ- тiлдi бағдарламаларының үйлестiрушiсi
Ағыбай Мұқатайұлын сөзге тартқан едiк:
– Институтта мемлекеттiк тiл–қазақ тiлi 1999 жылдан бастап, екi пән бойынша "Қазақ тiлi" және "Қазақстан тарихынан" өтедi. Басшылық елдегi жағдайды ескерiп, ана тiлдiң аясын кеңейтудiң мақсатында мынадай нақты жобаларды ұсынған едi: Институттың барлық қызметкерлерiн әсiресе, шетелдiк оқытушыларды қазақ тiлiнде оқыту. Мысалы өткен жылы осы 18 топта 180 адам, оның iшiнде 20-шақты шетелдiк профессор дәрiс алды. Бағдарлама құрамында 20-дан астам оқытушылар бар. Олардың екеуi ғылым докторы болса, 10-ы ғылым кандидаты. Студенттер мен оқытушыларды күндiзгi курста оқытып, облыс, қала, аудандағы түрлi мекемелер мен қоғамдық ұйым қызметкерлерiн ақылы негiздегi кешкi курста оқытқан.Бастауыш, жалғастырушы және бизнес тiлi бөлiмдерiне бөлiнiп, бағдарлама үш негiзде оқытылған. Ендi қолға алынған "Шешендiк өнер" бөлiмiнiң мақсаты–өлең жазып, шығармашылықпен айналысатын қабiлеттi жастарды iрiктеу болып табылады"
Жастарды тек теориямен тұйықтамай, мәдениет ошақтары–театр, мұражай және концерттерге апарып, рухани байлықпен сусындатқан бағдарлама ұжымының жұмыстарына жетiстiк, iстерiне береке тiледiк.
Ақпараттарды дайындаған
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА, ХҚТУ-дың студентi