ТӘУЕЛСIЗДIК МОНУМЕНТIНДЕГI ҚАТЕ
ТӘУЕЛСIЗДIК МОНУМЕНТIНДЕГI ҚАТЕ
Қазақстан халқы республика тәуелсiздiгiнiң рахатын көрiп жатыр. Бабаларымыз армандап өткен қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған заман осындай-ақ болар. Жуырда Алматыдағы Тәуелсiздiк монументi орнатылған алаңға барып, тағы бiр рет тағзым етiп, тамашалап көрдiм. Мына әбестiктi қарашы, сауатсыздық деген осы емес пе?
Өз көзiме сенбей қайта-қайта оқыдым. Мiнбе жақтан қарағанда монументтiң сол қанатындағы ең соңғы, яғни алтыншы колоннада "Монумент Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсүлтан Әбiшұлы Назарбаевтың iзгi ниетiнен туып, биiк мәртебелi нұсқауымен iске асты. 1996-1997 жж." деп жазылыпты. Осы сөйлемдегi Президентiмiздiң есiмi қате жазылған. Екiншi буындағы ұ әрiпi ү болып таңбаланып, жазылу бойынша оқығанда Елбасының аты басқаша естiледi. Осының бәрi ұ әрпiндегi белдеме сызықтың жоқтығынан болып тұр.
Бүгiнде Қазақстанды күллi әлем елдерi бiледi. Ал, Алматы — елiмiздегi көрiктi әрi үлкен қала. Келешегi бұдан да зор. Оның үстiне елiмiздiң ең iрi бизнес орталығына айналмақ. Туризм кластерi де дамиды деген әңгiменi естимiз. Демек, жер шарының түкпiр-түкпiрiнен мұнда талай саясаткерлер мен зиялы қауым өкiлдерi ағылады деген сөз. Сырттан келген қонақтар, тiптi, өз азаматтарымыз да Тәуелсiздiк монументiне соқпай кетпесi белгiлi. Сонда көзi қарақты қонақ: "Егемендiктiң баянды әрi өмiршең болуы үшiн күн-түн қатып тер төгiп, небәрi 15 жылда Қазақстанды паш ете бiлген Президенттiң атын дұрыс жаза алмағаны ма?" — демесiне кiм кепiл? Қолыма қалам алғызған да осы сұрақ. Жауапты лауазым иелерiнiң бұл қателiктi тездетiп жөндегенi абзал болар едi.
Өскенбай ҚҰЛАТАЕВ, зейнеткер