Жаңалықтар

СЫНЫҚҚА СЫЛТАУ БОЛАР

ашық дереккөзі

СЫНЫҚҚА СЫЛТАУ БОЛАР

Тәуелсiздiк алғалы берi тiл үшiн күресiп келемiз. Бiз қазақ тiлi – шынайы мемлекеттiк тiл болсын деймiз. Арамыздағы орыстiлдi тамырлар да болсын дейдi. Бiрақ оның қоғамдағы қолданысының өрiсi сол баяғы қалпында. Қанша айтсақ та, қанша жазсақ та тасбақа тырбаңынан айныр емес.

Жуырда «Әдебиет айдыны» газетiне белгiлi жазушы Эдуард Мацкевичтiң Қазақстан жазушыларының ХIII құрылтайы назарына арнап жазған «Презентация надежд» атты көлемдi мақаласы жарияланды. Онда Эдуард Мацкевич мемлекеттiк тiл мәселесiн де назардан тыс қалдырмапты. Сонымен ол не дейдi?

«… Для этого прежде всего нужно взаимопонимание. Но она не всегда, как говорится, имеет место». Иә, өзара түсiнiстiк қажет-ақ. Сол түсiнiстiктiң уақыты жеткен жоқ па.

«…Сегодня много внимания уделяется развитию государственного языка и это правильная политика суверенного государства». Соңғы жылдары ғана Үкiметтiң тiлдердi дамытуға қомақты қаржы бөлдiк дегенiн естiгенбiз. Ал соның нәтижесi қане?..

«Но и в этом серезном деле надо проявлять бережную учтивость. Языковое обучение – это чувствительное явление». Тiл басты мәселе болған соң да ұлт жанашырлары – жазушылар мен журналистер қауымы шарқ ұрып жатқан жоқ па. Ұлттық республикада ұлт болып қаламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба? Шахановтың жан айқайы да осы ғой.

«Недавно по одному из каналов республиканского ТВ, запальчивая леди, выкриковала с экрана, что, мое незнание государственного языка – это преступление». Иә, ардақты Асылы Османова апамыздың солай дегенi рас. Қай жетiскеннен айтты дейсiз. Мұны жағымпаздық та дей алмаймыз. Жалғыз ол емес, қазақтың болмысын, кеңпейiлдiлiгiн, жанын шын жүректерiмен түсiнген өзге ұлт өкiлдерi де осылай деп жүр.

«Позвольте, тогда в преступники надо записать русскоговорящий парламент, школьников, студентов, врачей, да и всех нас с вами». Бұл Мацкевич мырзаның астам сөзi. Осылай бұра тартып, жұртты шошындырғаннан не ұтады. Мацкевичте қазақтың табиғатын iштей жақсы бiледi. Өзге ұлт өкiлдерiн бауырына тартқаннан болсқа жазғысы жоғын сезiп те жүр. Ендi қонағына төрiн берген халықтың тiлiн үйрену қылмыс па. Қазақтардың орыс тiлiнде сөйлеп жүргенi сол ұлтқа деген құрметi емес пе. Ал сыйластық бiр жақты болмай, екi жақты болса ынтымақ бiрлiктiң артқаны. Абайдың тiлi, Әуезовтiң тiлi қай тiлден сорлы едi? Данышпандық ойы, көркем тiлi болмаса сан тiлдерге аударылар ма. Соларды аудармадан емес, түпнұсқадан оқып бiлгеннiң несi қылмыс.

«Естественно, государственный язык лучше знать, чемь не знать. В этом нет никакого сомнения». Жөн сөз. Аталы сөз.

«Но нельзя бежать впереди паровоза». Балтық жағалауындағы мемлекеттер кiрмелерге тiлiмiздi бес жылда үйренiңдер деп шарт қойғанын жұрт жақсы бiледi. Естуiмiзше қазiр сол елдерде тұрып жатқан өзге ұлт өкiлдерi жергiлiктi ұлт тiлдерiн үйренiп те алған көрiнедi. Қазақстанда ондай шарт қойылған жоқ. Тiл үйренудi өзге ұлттардың ар-ұятына салды. Он бес жылдан берi жүруiнен тоқтауы көп неткен паровоз бұл? Ендi тiл үйрену үшiн тағы он бес жыл күту керек пе. Ынта ықыласы жоқ жандарға бұл да аздық етедi. Сыйластықты шын жүрегiмен түсiнетiндерге тiл үйренуiне бiр жыл уақыт та жетедi. Кеше келген жапондар мен түрiктердiң бүгiн қазақша сайрап жүргендерiн Мацкевич мырза қалай байқамай жүр.

«Язык – неотьемлемая часть общего литературного процесса. Он оказывает влияние на развитие нашей многонациональной культуры. И это нельзя внедрить одним росчерком мера. Нет такой волшебной палочки. Нужна умная длительная кропотливая работа. Может быть целого поколения. И надо делать все так, чтобы не ущемить интересы живущих рядом». Ата заңда қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл деп жазылған. Сонда бұл басқа ұлт өкiлдерiнiң құқығын аяққа таптау ма? Осы елде тұрып жатқан соң Ата заңды қолдау, құрметтеу керек қой? Жоқ, әлде бұл тек қазақтарға ғана қатысты ма? Тiл үйренуге сиқырлы таяқшаның керегi қанша? Тек ынта-ықылас қана қажет. Өзбекстандағы, Тәжiкстандағы, Түркiменстандағы, Әзiрбайжандағы, Қырғызстандағы сол елдердiң тiлiнде сөйлейтiн өзге ұлт өкiлдерiнiң құқықтары тапталып жатыр дегенге кiм сенедi? Сыйластықтары жарасып, ынтымақтасып тiршiлiк етiп жатыр. Тағы бiр ұрпақтың ауысуын күтетiндей өткен он бес жыл аздық етпеген болар? Республика Президентi айтқандай осы уақыт iшiнде аюдың да тiл үйренетiн кезi болып едi ғой.

«Почему казашка, окончившая Сорбонну и профессионально преподающая своим сородичам французский, должна в табеле о рангах выглядеть ниже своей коллеги лишь за то, что другая, выходец из аула, лучшее ее, горожанки знает родной язык? Ничьей тут вины нет». Аузы дуалы ақын Расул Гамзатов: «Егер авар тiлi ертең өлетiн болса, мен бүгiн өлуге дайынмын» деген екен. Бұл қай ұлттың да өкiлiнiң көкейiне қонатын сөз. Сондықтан да барлық ұлтқа нақыл болып кеттi. Басқа, басқа өз ана тiлiн бiлмейтiн жан кiмге тұлға болмақ? Өзiн-өзi танып бiлмеген, өзiн-өзi сыйламайтын жанды кiм сыйлайды? Академик – жазушы Ғабит Мүсiрепов: «Ана тiлiн ұмытқан адам өз халқының өткенiнен де, болашағынан да қол үзедi» деген екен.

«Всеми уважаемый Герольд Бельгер, владеющая тремя языками, не вдруг освоил государственный. Его семью депортировали в Казахстан и он учился в казахской школе, в окружении аульной ребятни, тогда как в доме говорили на немецком. Но не всем же так «повезло». Надо помнить, что язык – это прежде всего окружающая среда». Иә, Герольд Бельгер қазақ халқына аса құрметтi жан. Қай халық та өздерiн құрметтей бiлгендi құрметтейдi. Мен 1977 жылы Қарағанды қаласына өте жақын орналасқан «Дзержинский» совхозында болдым. Бәлкiм қазiр оның аты өзгерген де шығар. Сол совхозда кiлең немiс ұлтының өкiлдерi тұрады екен. Араларынан жалғыз қазақ агрономды көрдiм. Оның өзi де қазақша бiлмейтiн болып шықты. Аты қазiр есiмде жоқ. Ал немiстердiң бақташысынан бастап, директорына дейiн қазақша сөйлейдi екен. Жәй ауыз екi жаттанды сөзбен емес, мақалдап-мәтелдегенде таңданғаннан жағамды ұстадым. Ерiксiз сүйсiндiм. Ауылда жалғыз-ақ мектеп бар екен. Ол да орыс тiлiнде. Сонда оларды қазақша сөйлеуге итерген не? Орта дейiн десем әлгi өз қағынан өзi жиренген агрономнан басқа қазақ жоқ. Менiңше, оларға тiл үйренуге талпындырған жоғары сана, жергiлiктi ұлтқа деген ерекше құрмет. Сондай жандардың тарихи отандарына қоныс аударып жатқандары бiз үшiн өкiнiш. Қимастықтан туындаған өкiнiш. Ал Мацкевич орта iздейтiн болса, 700 қазақ ақын-жазушыларының ортасында жүрген жоқ па?!

Көлбай Адырбекұлы