АНА ҚҰДIРЕТI – ИМАНДЫЛЫҒЫНДА
АНА ҚҰДIРЕТI – ИМАНДЫЛЫҒЫНДА
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим! Аса рахымды, аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Аллаһтың атымен бастаймын.
Егер отағасы: "Сен жұмыс iстемей-ақ қой, өзiм-ақ еңбек етiп сендердi асыраймын, үйге келетiн кiрiстi, бар қажеттiлiктi өзiм өтеймiн" десе, нұр үстiне нұр болар едi. Себебi жанұяда әйел жұмыс iстейтiн болса, үйге шаршап келiп, сырттағы адамдардан неше түрлi ауыр сөз естидi, жүйкесi жұқарып үйiне келсе, үйiнде бар шаруасы күтiп тұрады. Ұрыстың өзi қайнамаған шайдан, шайқалмаған майдан, жуылмаған кiрден шығады. Балалары қараусыз, тәрбиесiз қалмай ма?
Көптеген отбасында осындай мәселелер күнделiктi кездесiп жатады. Бiрақ, тығырықтан да жол табылады…
Адам баласын ана құрсағында бiр тамшы судан жаратып, ең көркем түрде бейнелеген, бүкiл әлемнiң Жаратушысы шексiз мейiрiмдi, аса жарылқаушы Аллаһ Тағалаға сансыз мақтау, мадақ болсын! Тәуелсiз елiмiз ғасырлар бойы халқымыздың көкiрегiнде ұялап, қанына сiңген ислам дiнiмен 90-шы жылдардың басында қайта қауышып, атеистiк коммунизм шырмауынан бiржолата босағаны белгiлi. Имандылық қағидалары адамдар арасында iзгiлiк, қайырымдылық, әдiлдiк, адалдық қарым-қатынастардың түзiлуiне негiзделiп, жас ұрпақты тәрбиелеудiң негiзгi құралы болып келедi.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" демекшi, жас ұрпақты тәрбиелеу отбасынан басталады. Ал бұл жауапкершiлiк ақ жаулықты аналарымызға жүктелетiнi анық. Құран кәрiмде жазылған аяттарды дұрыс орындай бiлетiн ана, сәйкесiнше, тәрбиелi ұрпақты өсiрiп шығарады.
Кейде далада келе жатқанда, жарты денесi жарқылдап көрiнiп тұратын, аузына не келгенiн айтып, үлкендердi сыйламайтын ар-ұяттан безген қыздарды көргенде жаның түршiгедi. Жалпы, пәленiң бәрi имансыздықтан бастау алады.
Шынында да ислам дiнiнде әйел кiсiлердiң орны ерекше. Сондықтан аналарды, әпке, жеңге, қарындастарды өз орнымен құрметтеп, оларға қолдан келгенше жақсылық жасау керек. Осы сөзiме дәлел ретiнде мына хадистi мысалға келтiргiм келедi. Бiрде Абдуллах Ибн Омар Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке келiп: "Әй, Аллаһтың елшiсi! Ең алдымен жақсылықты кiмге жасайсың?" – деп сұрағанда, Аллаһтың елшiсi: "Анаға" – деп жауап бередi. "Одан кейiн ше?" – деп сұрағанда: "Тағы да анаға" – дейдi. Қайта сұрағанда "Анаға" – деп тағы айтады. Төртiншi рет сұрағанда барып: "Әкеңе" – дейдi. Тағы бiр хадисiнде: "Жәннат аналардың аяғының астында" – дептi.
Имандылық шарттарын көздiң қарашығындай сақтап, Алланың нұрына бөлене бiлген әйел ата-анасына – иманды қыз, күйеуiне – сүйектi жар, ал бала-шағасына – аяулы ана болып мәңгi қала бермек.
Назгүл ҚҰСАЙЫНОВА, Қарағанды Мемлекеттiк университетiнiң студентi