Жаңалықтар

АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ӨТЕТIН КОНЦЕРТ

ашық дереккөзі

АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ӨТЕТIН КОНЦЕРТ

Елiмiздiң Конституциясына бiрқатар өзгерiстердiң енгiзiлуiне байланысты көптеген аймақтарда Президенттi қолдау митингiлерi мен iс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Осыған орай жақында «Достлик» өзбек қауымдастығының ресми өкiлi Саид Турсынметов пен әншi Ахтамбек Юлдашев, «Ялла» тобының продюсерi Бахром Азизовтар арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi.

«Мен президенттi әрдайым қолдаймын, қазiр де қолдап келемiн. Бiзде барлығы молшылық. Бұл, әрине, Елбасының арқасында ғой. Ол өте бiлiмдi адам. Мен, тiптi, президентiмiзге арнап ән жаздым» – дейдi Ахтамбек Юлдашев ағынан жарылып. Бiр айта кетерлiгi, әншiнiң қазақ эстрадасына келгенiне көп болмаса да, ол «Қазақстан Республикасына Еңбек сiңiрген әншi» деген атаққа ие болып үлгерiптi.

А.Юлдашев кезiнде қайырымдылықпен айналысып, қарттар және мүгедектер үйiне, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге көмек көрсеткенiн мақтанышпен баяндады. «Алайда мұның барлығы Шымкентте ұйымдастырылған. Ал, ендi мiне, Алматыда да бiздi естiсiн, бiздi танысын деп еңбек етудемiз» – дейдi әртiс.

Президенттi қолдау концертiнiң ұйымдастырылуына «Достлик» өзбек қауымдастығының өкiлеттiгi мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы қолдау көрсетпек. Концертке Қазақстан мен Өзбекстанның Халық әртiсi Фаррух Закиров пен «Ялла» тобы, Руслан Шарипов, Мавлуда Асалходжаева және «Офарин» балет театры қатысады. Қазақстан жағынан белгiлi әншi Нағима Есқалиева өнер көрсетпек.

Айнұр БАЗАРБАЕВА, Назгүл ҚҰСАЙЫНОВА