Жаңалықтар

АЛАШОРДА YКIМЕТIНЕ — 90 ЖЫЛ

ашық дереккөзі

АЛАШОРДА YКIМЕТIНЕ — 90 ЖЫЛ

Өткен сейсенбi күнi Алматыда М. Әуезов мұражай үйiнде «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» мен Қазақстан тарихшылары Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Алашорда үкiметiне 90 жыл» атты ғылыми конференция болып өттi.

Конференцияда белгiлi тарихшы-ғалым, Қазақстан тарихшылар Ассоциациясының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев «Алашорда үкiметi және Кеңестiк билiк: ұстанымдар ерекшелiгi» атты баяндама жасады. Ғалым өз сөзiнде Алашорда үкiметiнiң қай уақытта, қандай жағдайда құрылғанын және оның көсемдерiнiң қайраткерлiк қызметiн, сондай-ақ, олардың кейiнгi тағдыр талайын жан-жақты әңгiме еттi.

Конференцияда сөйлеушiлер Алашорда үкiметi мен Алаш партиясының қазақ қоғамындағы тарихи орнын оқиға фактiлерiмен, зерттеу iзденiс-қорытындыларымен баяндап бердi.

Айнұр БАЗАРБАЕВА