ЖҰМЖАЕВТЫҢ ҮСТIНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ IС ҚОЗҒАЛДЫ
ЖҰМЖАЕВТЫҢ ҮСТIНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ IС ҚОЗҒАЛДЫ
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы iрi шенеунiктердiң бiрi – Шымкент қаласының бұрынғы әкiмi Ғалымжан Жұмжаевтың билiкте тұрғанда заңсыз шешiмдер шығарып, жер талапайына жол бергенi үшiн қылмыстық iс қозғалды.
Бұл жөнiнде «Нұр Отан» партиясы да сыбайлас жемқорлық пен шенеунiктердiң заңсыз тiрлiктерi туралы әңгiме қозғап, заңсыз берiлген пәтерлер дауын да жариялылыққа шығарды.
Кеткеннiң соңынан тас атпай-ақ, шындықты айтар болсақ, қаланы Жұмжаев басқарған кезде Шымкенттiң шырайы кетiп, базарлар «бардак», жолдар соғыс жылдарындағыдай ойдым-ойдым, шұңқыр-шұңқыр болып жатты. Экологиялық жағдай мәз болмады. Мектептерде ата-аналардан ақша жинау тыйылмады. Басқа былықтар да жеткiлiктi едi.
Өмiрзақ Шөкеев облысқа әкiм болып келгеннен соң қаланың бұрынғы әкiмi Ғалымжан Жұмжаевты қызметiнен босатты. Заң алдында хан да, қара да жауап беру тиiс. Сондықтан, экс-әкiм Жұмжаев заң алдында тиiстi әдiл жазасын алады деген ойдамыз.
Балтабек ТYЙЕТАЕВ