Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫСЫ ШЕТКЕ ШЫҒЫП БАРАДЫ»

ашық дереккөзі

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫСЫ ШЕТКЕ ШЫҒЫП БАРАДЫ»

Бiз бұл жайлы елдiң алғашқы бас банкирi Ғалым Байназаровтың аузынан естiдiк. Банк академиясында өткен конференцияға қатысқан ол елдiң қазiргi қаржылық ахуалы жайлы есеп жасаған. Сонда, бас банкир ағымдағы шоттың жағымсыз (отрицательный) балансы туралы айта келiп, «мәселен 2005 жылы ағымдағы шоттың жағымсыз балансы 480 млн. АҚШ долларын құрады. Ал 2006 жылы 1 миллиард АҚШ долларына жеттi немесе 970 млн. АҚШ долларын құрады. Яғни, елден капитал өте қызу түрде шығарылып жатыр» деп түйiндедi. Сөйтсек, бұл капиталдың шығу тегi несиелiк үстемақының дивидендi, ұлттық компанияларға көрсетiлген қызмет түрлерiнiң өтемақысы ретiнде көрiнедi екен. «2006 жылы елден 15 млрд. АҚШ долларына сай ақша шығып кеткен. Бұл сома бiздiң ел үшiн жұмыс iстесе, ол IЖӨ-нiң (Iшкi Жалпы Өнiм) 20 пайызын құраған болар едi. Осыған байланысты, қаржы саясатындағы түйiткiлдердi Ұлттық банк, Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттiгi (АФН), «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самұрық» холдингi қайта қарастыруы керек» дейдi қаржыгер Ғалым Байназаров.

Гүлнәр Мұқанова