ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ
ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ
Қазақстандағы бұл көтерiлiс туралы көп жазылып, көп айтылды. Бүгiн мен осы уақытқа дейiн қоғамда соншалықты талқылана қоймаған бiр мәселенi атағым келедi. Тарихшылар, саясаттанушылар, талдаушылар оған жәй ғана назар аудармаған едi. Айтпақшы, бұл мәселе арада 20 жыл өткен соң да актуальдi – бұл мемлекет басшыларының өз халқының алдындағы, әсiресе, билiктi тапсырар кездегi жауапкершiлiгiнiң проблемасы. Бәлкiм, бүгiнгi таңнан, осы мерейтойлық жылдан бастап Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына жаңаша көзқараспен қарау басталатын болар.
Жұртшылыққа белгiлi фактiлердi тағы да қайталаумауға тырысамын, тек қана ұзақ уақыт бойы өз зерттеулерiмнiң барысында мен жасаған тұжырымдарды қысқаша айтқым келедi. Көп адамдардың әлi де есiнде болар, көтерiлiстiң болуының тiкелей себептерiнiң бiрi – Қазақстан Компартиясы ОК-нiң бiрiншi хатшысының ширек ғасырдан берi республиканың бiрiншi басшысы қызметiнен кетудi соншалықты қаламағаны болып отыр. Мен мұны Қонаевтың трагедиясы деп атаймын, трагедия болғанда да – оны құрметтеген және оған шын ниетiмен сенген ондаған мың адамның трагедиясына. Неге трагедия? Түркия үшiн Ата Түрiк қандай дәрежеде құрметтi болса, Қазақстанға сiңiрген еңбегi, нақты iстеген игiлiктi iстерi, әсiресе, әлеуметтiк-экономикалық салада орындаған жұмыстары бойынша Дiнмұхамед Ахметұлы халықтың жадында мәңгiлiк сақталады. Алайда ол объективтiк жағынан алғанда трагедиялық жағдайда қалды: ол өз еркiмен билiкпен қоштаса алмады және өзiнiң орнына iзбасарын тәрбиелей алмады. Сол кезеңде демократиялық сайлау өткiзу жақында әңгiменiң болуы мүмкiн емес едi. Сонымен бiрге оның қарамағындағылар, оның орынтағына отыруға негiзгi үмiткерлер оған қарсы сөз сөйлей бастады. Қонаев оны сатқындық деп санады және мұны кешiре алмады. Желтоқсан қаһармандарыТағы бiр мәселе. Бiз қазiргi уақытқа дейiн оқиғаның трагедиялық жағын ғана айттық, осы құбылыстың шынайы мәнiн – патриотизм мен қаһармандық туралы айтатын уақыт келдi. Тәуелсiздiк алғалы берi арада өткен уақыт iшiнде халықымыздың өсе түскен өзгерген сана сезiмi Желтоқсан – 86-ға демократиялық, халықаралық стандарт бойынша жаңаша, шынайы саяси, құқықтық баға берудi қажет етедi.
Алматыдағы, Целиноградтағы, Ақтөбедегi, Арқалықтағы, Жамбылдағы, Көкшетаудағы, Қарағандыдағы, Павлодардағы, Өскемендегi, Талдықорғандағы, Шымкенттегi, Талғардағы, Сарыөзектегi халықтың бас көтеруiнiң түпкi мақсаты – дербес ел болуға, бостандыққа, Қазақстанның тәуелсiздiгiне қол жеткiзуге деген ұмтылыс едi. Мәскеудiң Қазақстанға бiрiншi басшы етiп кезектi өз адамын жiберуi жәй ғана желеу едi. Желтоқсан қаһармандары өздерiн жаппай ұрып-соққанына, үстерiне суық су құйғанына, оларға қарсы иттердi, БТР-ды, милицияның айрықша отрядтарын, курсанттарды, арнаулы әскердiң сарбаздарын қолданып, жаппай тұтқынға алғанына қарамастан халықының ерiк-жiгерiн танытып, өз идеялары жолындағы күрестi жалғастырды. Олар осы үшiн өздерiнiң денсаулығын, игiлiгiн, тағдырын,өмiрiн құрбан еттi! Айталық, бiздiң қыздарымыздың ерлiгi мен қаһармандығы туралы халық арасында аңыздар айтылуда. Қоғамымыздың прогрессивтi бөлiгiне мынадай сауалдар қоямыз: «Бiз неге оларды мақтаныш етпеймiз? Бүгiнгi жас ұрпақты, мектеп оқушыларын, студенттердi олардың үлгiсiнде бiз неге тәрбиелемеймiз?» Қазақстандағы Желтоқсан (1986ж) көтерiлiсi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуына әкелген, социалистiк лагерьдiң құлауына себепшi болған, халықтардың еркiндiктi аңсау жолындағы серпiлiс жасауының негiзiн қалады. Мұның өзi әлемдегi күштердiң ара салмағының демократияның пайдасына қарай өзгеруiне әкелдi. Алайда әлем Қазақстанның бiрiншiлiк пальмасын иеленгенiн тануы үшiн елiмiзде бұл мәселе халықаралық стандарт бойынша толыққанды баға беруiмiз керек. Халықаралық қауымдастықтың осы негiзгi, жұртқа белгiлi факт бойынша тануы Қазақстанның беделiн, абыройын көтередi. Ауру синдромыОсы бүкiләлемдiк маңызы бар оқиғаны тиiстi деңгейге өзiмiз көтеруiмiз қажет. Нақ осы саяси элита, зиялы қауым бұл игiлiктi iс бойынша қолдап, осы идеяны жүзеге асыруды басқаруы керек. Осы мәселенiң шешiлу дәрежесi патриоттық тәрбие берудiң, мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырудың құрамдас бөлiгi саналатын, бiздiң демократиямыздың сыннан өтуi және көрсеткiшi болып табылады.
Сонымен бiрге шетелдiк мамандар көптеген қазақстандықтар мемлекеттiк тәуелсiздiк алғанымызға 15 жыл өтсе де, осы Қазақстандағы бұқаралық ерлiк жасағанымызға толыққанды саяси-құқықтық баға берiлмегенiн түсiнбейдi. Мұның өзi егемен Қазақстанның билiк органдарының, жекелеген шенеунiктердiң саясаттағы коммунистiк насихаттың қуатты машинасы енгiзген идеологиялық стереотиптерден әлi күнге дейiн арыла алмай келе жатқанын аңғартады. Ол кешегi уақыты өткен идеологияның тұтқынында. Олардың тұжырымдары, негiзiнен, үстiрт, ұлтаралық қатынастар мәдениетiн көтеру арнасында комсомолдық-партиялық тұрғыдан келедi. Елбасымыздың Алматыдағы Тәуелсiздiк таңы ескерткiшiн ашу салтанатында сөйлеген сөзiнен соң ғана облыстар, қалалар деңгейiнде жандану байқалды. Бiз Қ.Рысқұлбековтың қаһармандығын бағаладық: оған қайтыс болғаннан соң «Халық Қаһарманы» атағын бердiк. Ал егер оны өлтiрмегенде ше? Айтпақшы, күнi бүгiнге дейiн оның өлiмiнiң шынайы себептерi анықталмады. Қайратты, оның отбасы мүшелерiн құрметтеп, олардың алдында бас ие отырып неге тек оның бiр өзiн ғана батыр деп мойындадық? Ал бiз партиялық-кеңестiк режим алдында қорықпай, халқымыздың, бүкiл Қазақстанның ар-намысын қорғаған ондаған мың ұл-қыздарымыздың бұқаралық қаһармандығына мемлекеттiк баға бердiк пе? Неге бiздiң осы тәуелсiз мемлекеттiк билiгiмiз халықтың ерлiгiн 15 жыл бойы ресми жерде танымай, үнсiз келедi? Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Төралқасы бiрiншi комиссияның тексеруiнiң нәтижелерi бойынша жартыкеш шешiм қабылдағанда Қазақстан әлi де Кеңес Одағының құрамында едi, сондықтан сол кездегi өкiметтiң қабылдаған шешiмi бойынша толыққанды саяси және заңдық тұрғыдан баға бере алмады, бiздiң Отанымыздың тәуелсiздiгi жолындағы күрестегi осы көтерiлiстiң рөлi мен орнын айқындай алмады. Бұл оқиға бойынша iс тыңдауға дайын болса да, шенеунiктер әртүрлi, қисынсыз себептермен iстi қарауға, қоғам күткен шешiмдi қабылдауға Конституциялық сотқа мүмкiндiк бермедi. Орыс халқына қарсы да бас көтеру деп айтқан пiкiр де қисынсыз едi, оны уақыттың өзi бекерге шығарды. Сондықтан бiздiң кейбiр азаматтарымыздың санасынан көтерiлiс таза ұлтшылдық сипатты болды деген клишенi алып тастауға мiндеттiмiз. Яғни аяғынан басына қарай, дұрыстап қоюымыз керек. Мiне, Мәдениет және ақпарат, бiлiм және ғылым министрлiктерi ғылыми конференцияларды қандай тақырыптарда өткiзуi қажет… Қазақстанның негiзгi ұлыстарының арасындағы ауру синдромын алып тастау – Президентiмiздiң конфессияаралық, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға, Қазақстандағы қоғамдық келiсiмдi нығайтуға бағытталған ұлы және игiлiктi идеясының дәлелi болар едi… Осы оқиғаның құрбандарына арналған қайырымдылық, iзгiлiктi актi болар едi… Бұл үшiн бiз азаматтарымыздың болашақ ұрпақтары алдында жауаптымыз. Шынайы патриотизм – мiнсiз болуы тиiс.Отанымызда өз батырларымызды құрметтеп, оларды мақтаныш етiп, болашақ патриоттарды олардың үлгiсiнде тәрбиелеуге тиiстiмiз. Отанымыз оларды сiңiрген еңбегiне қарай биiкке көтеруi қажет. Әрбiр елдiмекен, әрбiр ұжым өзiнде 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң қатысушысы тұратынын немесе еңбек ететiнiн мақтаныш етуi тиiс. Әрбiр қатысушыға айрықша қамқорлық жасалуы тиiс, себебi олар өз елiнiң мүдделерi үшiн өздерiн, денсаулығын, тағдырын құрбан еттi. Сондықтан олар өз мәселелерiн шешу үшiн әкiмдiктердiң табалдырығын тоздырмай, қайыршы сияқты халге түспеуi тиiс. Қазақстанның есебiнен өз жағдайын жақсартып, семiрген адамдарды, жылпостарды, екi немесе үш елдiң азаматтығын алған адамдарды, олигархтарды, сыбайлас жемқорлықпен айналысатын адамдарды көргенде, нақ осындай ойларға ерiксiз берiлесiң.
Нақ осы халықтың бас көтеруi кеңестiк жүйе кезеңiнде бiрiншi болып Қазақстанның дербес, тәуелсiз ел ретiнде қалыптасуына деген бiртұтас ерiк-жiгерiн, ұмтылысын көрсеткенiн ескеруге тиiстiмiз. Желтоқсандықтар бүкiл халық үшiн уақыт талабына сай iс-әрекет еттi. Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына арналған конференцияда халықтың бұқаралық демократиялық, ұлт-азаттық көтерiлiсi ретiнде осы оқиғаға мен дәлелдеп, саяси баға бердiм. Мен берген осы анықтама ғылыми топтар және жұртшылық арасында қолдау табады деп үмiттенiп едiм. Аямай, күш қолданып басудың себептерiМен айтатын тағы бiр проблема –осы.
Iстiң мән-жайына қанығу, талдау барысында мен өкiмет орындарының, құқық қорғау органдарының көтерiлiстi басу кезiнде фашистерге тән тәсiлдердi қолдануының себептерiн iздедiм. Негiзгi себеп – өкiмет орындары мен арнаулы, қызметтi орыстiлдi халықтың жек көруi, себебi олар орыстiлдi халықтарды қазақ халқына қарсы қойды. Өздерiңiз, ой елегiнен өткiзiп көрiңiздершi, олар халықтың бейбiт, бiрақ бұқаралық наразылығын арандату жолымен, жалған мәлiметтер тарату арқылы олардың әрекетiн қылмыстық арнаға қарай бұрды. Айталық, арнаулы қызмет бүкiл Алматыда «мыс, нашаға елтiген қазақ жiгiттерi қала көшелерiнде орыстарды ұрып-соғуда, балабақшаларға шабуыл жасап, орыс балаларды өлтiруде»,– деп жалған хабарларды рация арқылы хабарлады. Мұның өзi орыстiлдi халықтардың ашу-ызасын, жек көрушiлiгiн туғызды. Олар өкiмет орындарынан қатаң шаралар қолдануды, қазақ ұлтшылдарын жазалауды талап еттi. Өкiмет орындарына да керегi осы едi. Қарусыз адамдарға қарсы сапер күректерi, иттер пайдаланылды. 20 градустық суықта олардың үстiне суық су құйып, ұсталғандарды көк тайғақ мұзда етбетiмен бiрнеше сағат бойы жатуға мәжбүр етiп, өлiмшi етiп ұрып-соққан адамдарды машинаға лақтырып, қала сыртына, алысқа апарып тастап, киiмдерiн жыртты, оларды шешiндiрдi, қыздарды зорлады, уақытша ұстау орындарында оларды ұрып-соқты, ар-намысына тидi, ыстық батареяларға денесiн күйдiрдi, бiрнеше тәулiк бойы тамақтандырмады. Оларға қарсы көптеген әкiмшiлiк шараларын қолданып, жалған айып тағып, қылмысты iс қозғады. Зауыт-фабрикаларда үш жағында жұдырықтай қорғасыны бар сойылдар жасап шығарды. Аупарткомдар жасақтаған топтар осы сойылдармен жастарды ұрып-соқты. Соққыға жығылған көтерiлiске қатысушыларды ауруханаларға қабылдамады, оларды бiрден тұтқындады. Оқиғаға қатысушы Молдабаев Әдiлдi милиционер атып, ол өмiр бойы мүгедек болып қалды. Молдабаев Әдiлдi соттады, ал әлгi милиционердi марапаттады. Ербол Спатаевты өлтiрген адамды iздестiрудiң орнына қаза тапқан осы Ербол қауiптi саяси қылмыскер ретiнде айыпталып, марқұм болған, ол бойынша қылмысты iс қозғады. КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Төралқасы Қайрат Рысқұлбековке кешiрiм жасап, оған шығарылған үкiмдi өлiм жазасын қолдануды 20 жыл мерзiмге бас бостандығынан айруға ауыстырды. Ал арнаулы қызметтiң басшылығы оның көзiн жоюды аса ауыр қылмыскер Власенконың қолымен жүзеге асырды. Бүкiл қазақ халқын ұлтшыл деп айыптады. Бүкiл Қазақстаннан ұлтшылдарды iздеп, ұжымдарда ұлтшылдарды әшкерелейтiн топтар құрылды. МҚК-нiң саласы бойынша «Қазақ буржуазиялық ұлтшылдығымен күрес!» атты ескi ұран қайта көтерелiп, Желтоқсан көтерiлiсiнiң бастауын «Алашорда» қозғалысынан iздедi. Жауапқа тартылатын қазақ ұлтшылдарының үлкен тiзiмi жасалды. Горбачевтiң қоғамды демократияландыруының, Кеңес Одағының құлауының нәтижесiнде оның авторларының арам ниетi жүзеге аспады. Тыныштық уақытыӨткен 20 жыл iшiнде толық ақиқатты қалпына келтiру, Желтоқсан қаһармандарына толыққанды баға беру, ақтау бойынша не iстедiк?
Қазақстан тәуелсiздiк алмай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының комиссиясы жұмыс iстеп, өздерiнiң қорытындыларын халыққа жария еттi. Кеңес Өкiметi жылдарында ұлтшыл деп негiзсiз тағылған айып алынып тасталды. Елбасының Жарлығымен Желтоқсан оқиғасына қатысушылар ақталып, түрмеден босатылып, оларға қолданылған әкiмшiлiк шаралар тоқтатылды. Бiрен-саран Желтоқсан оқиғасының қаһармандары мемлекеттiк наградалармен марапатталып, олардың бiразына пәтер бөлiндi. Оларға келтiрiлген моральдiк, материалдық шығындар өтелдi. Жекелеген қалалардағы, кенттердегi көшелер Желтоқсан көшесi деп қайта аталды. Үкiмет тарапынан осы оқиғаға қатысушыларға ең төменгi мөлшерде жәрдемақы төлендi. Желтоқсандықтарды саяси науқандарда, саяси мақсатта пайдаланды. Ал Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан соң не iстеген жөн болар едi? Бiрiншiден, Парламенттiң Қаулысымен немесе Елбасының Жарлығымен СОКП ОК-нiң, оның саяси бюросының (қазақ ұлтшылдығы) деген шешiмiн заңсыз, халыққа жат деп жариялау қажет едi. Себебi бұл актiлердiң қудалау, қуғын-сүргiндiк сипаты бар едi. Екiншiден, Жоғарғы Кеңес (Парламент) СОКП, Қазақстан Компартиясының ОК қабылдаған актiлердi заңсыз деп танылуы тиiс едi. Әңгiме оқиғаға қатысқандарды ақтау, жазалау шараларына қатысқан 4 мыңнан астам сарбаздарды, «халық жасақшыларын», МҚК-нiң қызметкерлерiн марапаттаудың күшiн жою қажеттiгi туралы болып отыр. Парламент «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың мәртебесi және жаппай жазалаудың құрбаны болғандарды, зардап шеккендердi ақтау туралы» Заң қабылдауы тиiс едi. Заңға сәйкес көтерiлiске қатысушылар Қазақстанның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы күрескерлер деп танылар едi. Мұндай жағдайда олардың құқықтық мәртебесi туралы мәселе түпкiлiктi шешiлер едi. Үшiншiден, тәуелсiз Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзiнiң Пленумының шешiмiмен, Бас прокуратурасы, МҚК, министрлiктер мен ведомстволар, облыстар мен аудандардың әкiмдерi өздерiнiң шешiмдерiмен азаматтарға байланысты қудалау бойынша құжаттардың күшiн жоюы тиiс едi. Құқық қорғау органдары, арнаулы қызмет оқиғаға қатысушыларға байланысты жүргiзiлген қылмысты iстердi мұқият тексерiп, бұл мәселе бойынша кiнәлi қызметкерлердi қылмыстық жауапқа тарту туралы iс қозғауы қажет едi. Төртiншiден, Қазақстан Ғылым академиясы, Ғылым және бiлiм министрлiгi, ғылыми орталықтар, шығармашылық одақтар, академиктер, профессорлар халықаралық стандарт бойынша 1986 жылғы оқиғаға мынандай ғылыми баға беруi тиiс едi. Ең негiзгi мәселе. Құзыреттi мемлекеттiк органдар ғылыми және шығармашылық жұртшылықпен бiрлесе отырып, бұл көтерiлiстiң бұрынғы кеңестiк империядағы халықтардың азаттық күресiн бастаған көтерiлiс ретiнде халықаралық стандарт бойынша танылуына қол жеткiзуi тиiс едi. Еуропаның Прибалтика елдерiнiң, ТМД-ның белгiлi ғалымдарын, Елена Боннер, Борис Ельцин, Рой Медведев, Шыңғыс Айтматов сияқты Қазақстандағы тәуелсiздiк жолындағы осы көтерiлiстi көп уақыттан берi таныған белгiлi адамдарды шақырып, осы тақырыпта халықаралық конференция өткiзуi қажет едi. Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң 15 жылдық кезеңiнде, көтерiлiстiң 20 жылдық мерейтойына дейiн бiз жасай алмаған iстердiң толық емес тiзiмi осындай. Ең соңында Алматыда Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы құрметiне орнатылған ескерткiш туралы айтайын. Ескерткiштiң орнатылғанына қуаныштымыз. Ештен – кеш жақсыБұл ескерткiш ертеде-ақ орнатылуы тиiс едi. Тым болмаса тәуелсiздiк алған алғашқы жылдарда орнатылғаны жөн болар едi. Бiрақ ол кезде және одан кейiнгi 10 жыл iшiнде бiздiң қоғамымыз, бiздiң өкiметiмiз өзiнiң сана сезiмi жағынан Желтоқсан қаһармандарының деңгейiне жете қоймаған едi.
Бiз қоғамымыздың зиялы қауымның, бiздiң өкiметiмiздiң Желтоқсан оқиғасы кезiнде оған қатысқан қаһармандарды сатып кеткенi үшiн өздерiнiң кiнәсiн сезiнiп, оларды танып, ерлiгi алдында тағзым еткенiне қол жеткiземiз. Бұл – бiздiң қоғамымыздың өзiнiң ары алдында таза болуының кепiлiне айналар едi, халқымыздың мүддесiн ескере отырып, тәуелсiз Қазақстанды одан әрi өркендедетiн жастарымызға үлгi болар едi. Сабыр ҚАСЫМОВ, Заң ғылымдарының кандидаты