Жаңалықтар

ТОҚАЕВ АУЫЛ МӘСЕЛЕСIН КӨТЕРДI

ашық дереккөзі

ТОҚАЕВ АУЫЛ МӘСЕЛЕСIН КӨТЕРДI

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы аумақтық дамуының 2015 жылға дейiнгi стратегиясын жүзеге асырудың негiзгi бағыттары" тақырыбына арналған дөңгелек үстөлде сөйлеген сөзiнен:

"Бiз тұрғындардың жалпы экономикалық белсендiлiгiн арттыру үшiн қолдан келгеннiң бәрiн жасауды ұмытпауымыз тиiс. Өйткенi халық "өсу нүктелерi — қалаларда" ғана емес, елiмiздiң барлық аумақтарында, солардың iшiнде ауылдарда тұратыны белгiлi. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, ең бiрiншi кезекте ауылдық аудандардың мұқтаждықтарына назар аудару қажет. Ауыл инфрақұрылымын дамытуға мемлекет бөлетiн қаржыны тиiмдi пайдалануға күш-жiгер жұмсауымыз тиiс. Ауылдың өркендеуi — мемлекетiмiздiң өркендеуi. Ендеше, ауылда таза ауыз су, жөнделген жолдар, аурухана және мектептер болмаса, елiмiздiң бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы айтуға да болмайды".