Жаңалықтар

АҚШ АҚШАСЫН IЗДЕП ЖҮР

ашық дереккөзі

АҚШ АҚШАСЫН IЗДЕП ЖҮР

Қазақ-қырғыз шекарасына таяу маңдағы таулы аймақта 4 миллиард доллар тиелген америкалық әскери ұшақтың iзiм-қайым жоғалғанына 3 жылдың жүзi болды.

Американың Федералдық-резервтiк банкiне тиесiлi 4 миллиард доллар қаржы Iле Алатауының бойында iз-түзсiз жоғалып кеттi. Қырғыздардың бiр жылдық бюджетiне тең келетiн бұл сома бәлкiм адам аяқ баспайтын жерде шаң басып жатқан болар. Мәселенiң анығына келсек, жуырда халықаралық ақпараттық агенттiктер 2004 жылы маусым айында АҚШ Федералдық банкiнiң Бағдадқа жөнелткен 4 млрд. долларын тиеген ұшақтың күтпеген жерден апатқа ұшырап, дiттеген межеге жетпей жатып жерге қонуға мәжбүр болғанын, қомақты қаржы туралы деректiң әлi күнге болмай отырғанын хабарлаған. Қанар қаптарға салынған жалпы салмағы 363 тонна тартатын аса қымбат жүк жайлы бастапқыда америкалық шенеунiктер жақ ашпауға тырысқан. 4 млрд. доллар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының «Мұнайды азық-түлiкке айырбастау» бағдарламасы бойынша жиналған иарктық мұнай экспортынан және Саддам Хұсейндi тақтан тайдырғанда қордаланып қалған қаржыдан құралған. Әскери ұшақтар арқылы ақша тасу Ирактың қаржы министрлiгiнiң өтiнiшiне байланысты жүзеге асырылған көрiнедi. Қазiргi билiктiң бұл әрекетiне наразы болған бiр демократ Капитолийдегi кезектi отырыста: «Соғыс болып жатқан жерге 363 тонна тартатын қолма-қол ақшаны есi дұрыс адам жөнелтер ме едi?! Бiрақ бiздiң үкiмет дәл осылай жасады» дедi.

Америкалықтар осылайша 3 жылдан берi жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қыруар қаржының iзiн таба алмай әлекке түсiп жүр. Сарапшылар пiкiрiнше, ақша Iле Алатауының бойындағы жан баласы баспаған бiр жерде шаң басып жатыр. Өйткенi, Иракқа бет түзейтiн америкалық ұшақтар қазақ-қырғыз шекарасы арқылы өтiп, қырғыздардың «Манас» әуежайындағы америкалық «Ганси» әуебазасы орналасқан жерге аялдайды. Әуежайда ереже мен заңды белшеден басу кеңiнен етек алған. Осының кесiрiнен айналдырған екi жылдың iшiнде бiрнеше iрi апатты жай мен қайғылы оқиға тiркелiптi. Көп жағдайда амеркиалық әскерилер тарапынан ереже өрескел бұзылады екен. Сондықтан 363 тонналық жүк тиелген ұшақ апатқа ұшырап, осының салдарынан ақша жоғалып кетуi әбден мүмкiн. Оның үстiне, Қырғызстанның Талас облысына қарасты қазақ-қырғыз және өзбек шекарасы тоғысатын тұс ұшқыштар үшiн аса таныс емес. Бұл жердегi арнайы зерттеулер соңғы рет 60-жылдары жүргiзiлген көрiнедi. Картасы қағаз бетiне түсiрiлмеген осы аймақта не қорық, не жол, не туристiк маршруттар да жоқ. Тағы бiр қызық жайт, кейiнгi кездерi дәл осы аймаққа америкалық альпинистр құштарлығы арта түсiптi. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Олар туристердiң бетпердесiн жамылған Американың құпия қызмет агенттерi болуы мүмкiн» деген болжам бар.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ