Жаңалықтар

“БIЗДIҢ АЛТЫНБЕК” АТТЫ ЕСТЕЛIК КIТАП

ашық дереккөзі

“БIЗДIҢ АЛТЫНБЕК” АТТЫ ЕСТЕЛIК КIТАП

Таяуда Алматыда «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» бастамасымен «Бiздiң Алтынбек» атты естелiктер жинағы мен «2006 жылғы 11 ақпандағы ұлттық қасiрет. Республикалық және әлемдiк ақпарат құралдарында жарияланған оқиғалар хроникасы» атты екi томдық кiтаптың тұсауы кесiлдi.

Екi бiрдей кiтаптың тұсаукесерi «Алтынбексiз өткен бiр жыл: оның iсi жалғаса бередi» атты еске алу кешiнiң аясында жүзеге асты. Еске алу кешiне белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерi қатысып, сөз сөйледi. Белгiлi қаржыгер Дәулет Сембаев: «Алтынбектiң өзгелерден ерекшелiгi – көрегендiгiнде, алдағы күнi не болатынын болжай алатын даналығында. Ол кез келген саяси оқиғаны, қоғамда болып жатқан сiлкiнiстердi алдын ала бiлiп, талдап, саралап отыратын. Алтынбек уақыт өте келе дана болған жоқ. Көрегендiк қасиеттi, даналық қасиеттi, даралықты оған Алла берген» – дедi. Ал, белгiлi жазушы Дулат Исабеков: «Алтынбектiң қазасы жыл өткен сайын саналы, ойлы азаматтардың басын бiрiктiре түсетiнiне сенiмiм кәмiл. Бұл – орны толмас қаза. Ендi бiз осының орнын немен толтыратынымызды ойлауымыз керек» – дедi.