Жаңалықтар

Депутаттық мәлiмдеме

ашық дереккөзі

Депутаттық мәлiмдеме

ОНОМАСТИКА КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОРАЛЫМСЫЗДЫҚТАРЫ

Бiз тәуелсiз елмiз. Сондықтан әрбiр iсiмiзден, әрбiр қадамымыздан өзiндiк сипатымыздың бой көрсетуi шарт. Унитарлық тәуелсiз мемлекетке тән рухани бағыттағы тұтастық, ортақ мүдделiлiк болуы бiрлiкке бастайтын керектi дүние. Және бұл қағидат әрбiр салада болуы мiндеттi! Бүгiнше мен бұл мәселенi ономастика саласындағы жағдайға байланысты көтергiм келiп отыр.

Мәселе түсiнiктi болуы үшiн мысал келтiрейiн. Кешегi Совет дәуiрiнде империя тәуелдi елдердiң ұлттық ерекшелiгiне қарамастан өзiнiң идеологиясын айрықша үстемдiкпен шебер жүргiзе бiлдi. Кавказ бауырындағы аджар ауылының, Сiбiрдегi сақа қонысы ма, түрiкмен шөлiндегi қышлақ па, қазақ жерiндегi колхоз совхоз ба, Москва ма, Одесса ма, Улан Удэ, Йошкар Ола, Алматы, Қарағанды деген жоқ, сол жердегi орталық көше, ең үлкен даңғыл Ленин атына берiлдi. Кең алаң, жақсы парктер, жасанған даңғылдар Горькийдiң, Кировтың, басқа да жалынды революционерлер атына берiлiп жатты. Ленин есiмiн құлпыртып, бiрде Ильич, бiрде Ульянов, Лениногор, Ленинград, Ленинабад деген секiлдi әспеттеуден жаңылмады. Империя идеологтары мемлекеттiк тұтастық маңыздылығын өте жақсы бiлдi және де iске асырды.

Осы аналогиямен қарасақ, бүгiнгi тәуелсiз Қазақстан ракурсында бiз қаншалықты дұрыс бағыт, рухани үлгi тұтарлық жәйт бар ма?!

Өкiнiшке орай, қынжыларлық жағдай көп! Атын атап, түсiн түстеп, ешкiмнiң жанын ауыртпай-ақ қояйық. Атасының атын ауылға, көкесiнiң атын көшеге тығындаған мақтаншақ топтың ықпалымен идеологиямызды ластауға бола ма?

Тарихымыз бен шежiремiздiң көзi iспеттi ақын-жырауларымыздың шығармаларында, қисса -жырларда әспеттелген батырлардың есiмi бiз үшiн тарихи факт. Ал ешқандай салиқалы тарихи негiзi жоқ, «дептi», «айтыпты» шылауындағы онбасы, жүзбасы болған сарбазды немесе руаралық төбелестiң «майталманы» болған адамды бүкiл алаштың қолын бастаған аяулы батырларына теңдестiру қаншалықты әдiл?!

Есiмiн кiндiгiнен тараған ұрпағынан басқа ешкiм бiлмейтiн бәленбай әулие, түгембай батырдың атына аудан орталығына даңғыл берiп, советтiк колхоздың төрағасының атымен ауылды атау қаншалықты орынды. Ендi осындай келеңсiз мәселелердi еңсеру жолындағы ұсыныстар:

1. Аса бiлiктi ономастика комиссиясын құруды қайта қарау!

2. Ономастикалық атауы бар тарихи тұлғалардың деңгейiн анықтап (Абай, Ахмет, Абылай, Кенесары, Қ.Сәтпаев деген секiлдi ретпен), бiрнеше иерархиялық категорияларға бөлу.

3. Ономастикалық комиссия қалалар, елдiмекендер, көшелердi атауда мемлекет тарихының мүддесi тұрғысынан сараптау қажет. Например, основоположник казахской национальной оперы, воспитавший целую плеяду казахстанских композиторов, автор опер «Қыз Жiбек», «Ер Тарғын», автор бывшего гимна нашей страны Евгений Брусиловский. Личность значимая в формате истории Казахстана. Так насколько же является оправданным называть одну из центарьных улиц в городе Павлодар именем Кутузова?!

Как профессиональный музыкант могу указать на столь же значимую личность Александра Затаевича – основополжоника казахского этномузыковедения, который собрал и зафиксировал в таких бесценных трудах как «Тысяча…» и «Пятьсот казахских песен и кюйев» большой массив достоверных и очень ценных для науки фактов из области казахской традиционной мухыкальной культуры. Каазахская культура многим обязана Затаевичу. Достойно ли мы сегодня чтим этот поистине титанический труд? Қазақ тарихы үшiн Затаевич кiм? Петр мен Павел кiм? Брусиловский кiм? Риддер кiм? Үш жүздiң басын қосып елдiгiмiздi сақтап қалған Абылайханды ескермей, аты-заты белгiсiз Павелге Павлодар деп қаланы атауымыз қалай?

Қазақ тарихына еш қатысы жоқ қарашекпен Ильяға «Ильинка» деп елдiмекеннiң атын берiп, ал бiздiң тәуелсiздiгiмiздi тұңғыш мойындаған түркi дүниесiнiң аяулы перзентi Тұрғыт Өзалды ескерусiз қалдыруымыз қаншалықты орынды?! Айта берсе сөз көп.

4. Ұлттық тұтастық тұрғысында нақты көзқарас болуы шарт. Мысалы, неге Бұхар жырау Қарағандыда, Махамбет Атырауда, Қарасай Алматыда әспеттелуi керек. Қазақтың тұтастығын қорғау мақсатында Алатауда туып, Ағынтай батырмен Қарасай бiрге жау қолынан Көкшеде өлмеп пе едi? Обағанда туған батыр Баян Iледе жоңғармен алысып мерт болмап па едi?

Алаштың бар даласын өз бесiгiндей көрген кең жүректi батыр бабаларымыздың бiз неге өрiсiн тарылтпақпыз?!

Осы аталған мәселелердiң идеологиялық маңыздылығын ескере отырып, Үкiметтен кең ауқымды нақты шешiмдер күтемiз.

Қазақстан Республикасы

Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты

Б.ТIЛЕУХАН