Жаңалықтар

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

ашық дереккөзі

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Берiк Имашев Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы болып тағайындалды. Ол бұдан бұрын ҚР Президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары қызметiн атқарған болатын.

Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорда облысының әкiмi қызметiне тағайындалды. Ол бұдан бұрын ҚР Президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары – баспасөз хатшысы мiндетiн атқарып келген едi.

Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғарымымен Дархан Қалетаев Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары қызметiне тағайындалды.

Дархан Қалетаев бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарған болатын.

Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғарымымен Владимир Школьник Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейiн Индустрия және сауда министрлiгiн басқарған.