ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ: «ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!»

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ: «ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!»

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ: «ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!»
ашық дереккөзі

БҰҒАН – ШЕЛЕК ЕЛДIМЕКЕНIНДЕГI ОҚЫС ОҚИҒА СЕБЕП

Тәуелсiздiктiң 15 жылдығы мен Желтоқсан көтерiлiсiнiң 20 жылдығы қарсаңында Шелектегi ұйғыр жастары қазаққа үлкен «сый» жасапты. Кезiнде Қытайдың Син-Цзянь автономиялық өлкесiнен көшiп келген диаспора жастары Шелектегi «Старый замок» кафесiнде қазақ жiгiтiн ұстап алып, ортаға алып, ұрып-соғып, құлағын кесiп кетiптi. Жергiлiктi тұрғындардың айтуынша, бұл алғашқы оқиға емес. «Свобода слова» газетiнде жарияланған мақалада төбелестiң ұлтаралық шиеленiске ұласқаны айтылады. Себебi ұйғыр жастары: «Мемлекет – сiздердiкi, ал жер – бiздiкi» – деп, қазақ бозбаласына қоқан-лоққы көрсеткен. Осы оқиғаға наразы «Желтоқсан жаңғырығы», «Алаш», «Ел болашағы» қозғалыстарының мүшелерi Ұйғыр ауданының атын диаспора атымен атамау керек деп, Қазақстан Республикасының Президентiне арнайы Үндеу жолдамақ. Ал, Мәжiлiс депутаты Ерасыл Әбiлқасымов Шелектегi оқиғаға қатысты мәселенi Парламент қабырғасында көтерiп, бұл мәселенi құқық қорғау органдарының ерекше назарға алуын сұрады.

«Ұлт тағдыры», «Халық дабылы» қозғалыстары да төтенше оқиғаға наразы болып отыр. Бiрақ әдеттегiдей тиiстi орындар бұл оқиғаны жылы жауып қойғанға ұқсайды.

ШЕЛЕК ҰЙҒЫРЛАРЫНЫҢ БIРI: «МЕМЛЕКЕТ – СIЗДЕРДIКI, АЛ ЖЕР – БIЗДIКI!»

«Свобода слова» газетiнде жарияланған «Уйгуры Шелека: «Государство ваше, а земля наша» атты мақалада оқиғаның қалай өрбiгенi жан-жақты жазылыпты. 18 қараша күнi Алматы облысы Шелек ауылында орналасқан «Старый замок» кафесiнде ши шыққан. Кафеде көпшiлiктi құраған ұйғыр жастары қазақ баласын ортаға алып, ұрып-соға жөнелген. Баланың үстi-басын көгертiп сабаған бұзақылардың бiрi: «Мемлекет – сiздердiкi, ал жер – бiздiкi» – деп, айқайлаған. Мұны есiтiп қойған екi қазақ жiгiтi төбелеске араласып, қандастарына араша түсуге тырысыпты. Әп-сәтте төбелес ұлтаралық шиеленiске ұласа жаздаған. Бiр қызығы, мақала авторы Е.Оралбаевтың айтуынша, әдетте орысша сөйлейтiн жастар бiр-бiрiне өз ана тiлдерiнде дөрекi сөздер айта жөнелiптi. Қазақтар ұйғыр диаспорасының өкiлдерiне қазақша ұрысса, төбелестi бастағандар ұйғырша сөгiс айтқан. Шелекте ұйғырлар көп тұрады. Содан болар, ұялы телефондар арқылы шақырылған диаспора өкiлдерi басым түсiп, қазақ жастары артқа шегiнуге мәжбүр болған. Бұл орайда мақалада: «Самые расторопные из уйгурских подростков побежали в Дом культуры, где шла дискотека, и через микрофон ди-джея объявили: «Казахи бьют наших!» Прибывшая с дискотеки толпа увеличила численный перевес уйгуров в несколько раз. Их противники, теряя отдельных бойцов, стали отступать. Самым отвратительным моментом этого побоища стал финал, когда оставшиеся на месте драки уйгуры рассекли ухо казахскому парню и стали мочиться на безчувственное тело».

Ертесiне, яғни, 19 қараша күнi Шелектiң Жiбек жолы және Исмаил Таиров көшелерiнiң қиылысында қазақ ұлты мен ұйғыр диаспорасы өкiлдерi арасында үлкен кикiлжiң болғанға ұқсайды. Мақалада шиеленiске екi жақтан 300-ден астам адамның қатысқаны айтылады. Оларды басуға құқық қорғаушылардың қолы да жетпептi. Әйтеуiр, Құдай оңдап, екi жақтың ақсақалдарын тыңдаған жастар бүлiк шығармаған. Сол күнi Шелек ауылдық округiнде төтенше жағдайға орай жиын өтiптi. Тiптi, мектептерде ата-аналар жиналыстары да ұйымдастырылғанға ұқсайды. Бiрақ диаспора өкiлдерiнiң: «Мемлекет – сiздердiкi, ал жер – бiздiкi!» – деп, жар салып жүргенiне қарағанда, мұндай тәрбиенiң қай жерден алынып жатқаны белгiсiз: ұйғыр мектептерiнде ме, әлде үй-iшiнде ме?..

Бұл мәселе Парламент қабырғасында көтерiлгеннен кейiн журналистер оқыс оқиғаның анық-қанығын Iшкi iстер министрi Бауыржан Мұхамеджановтан сұраған едi. Өз кезегiнде Бауыржан Мұхамеджанов Шелектегi жастар арасындағы болған төбелестi растады. Сондай-ақ, оқиғаның анық-қанығы тексерiлiп, қылмыстық iс қозғалғанын мәлiм еттi.

БҰЛ ДАУ – ЖЕР ДАУЫНА ҰЛАСПАЙ МА?!

Шелектегi жағдайға орай екi күн бойы жиын өткiзген ұлт патриоттары ұйғыр диаспорасының әлi күнге дейiн бiр ұлтарақтай жердi иемденiп алу пиғылынан арылмады ма деп сауал тастап отыр. «Ел болашағы» қозғалысының мүшесi Серiкқажы Құлбековтың айтуынша, Шелекте орын алған оқиға – ойланатын жәйт. Әлбетте Қазақстанда ұйғыр диаспорасы Қытайдың Шығыс Түркiстан өлкесiндегi ата-баба мекендерiнен де жақсы тұрады. Ұйғыр театры, ұйғыр газетi, тiптi, Ұйғыр ауданы бар оларда… Бiрақ 1,5 миллиард халқы бар Қытайдан ұлтарақтай жер алу түгiлi ұйғырша сөйлеуге мүмкiндiк ала алмай отырған диаспора өкiлдерi 15 миллион қонақжай қазақтың жерiне көз сүзiп отырған жоқ па деген сауал ерiксiз туындайды. «Олар жер үшiн күрестi қазақ жерiне келгеннен берi бастаған» – деген пiкiрде ұлт патриоттары. Бұл орайда Серiкқажы Құлбеков: «1963 жылы Юсуповтың кезiнде ұйғырлар мұнда «Ұйғырстан» жасаймыз деп бастама көтерген едi, бiз онсыз да өзбекке кеткен бiрнеше ауданнан айрылдық қой» – десе, «Желтоқсан жаңғырығы» қозғалысының төрағасы Төлеген Әлжан: «1986 жылы 19 желтоқсанда коньяк шығаратын зауытта ұйғырлар жиналып, Горбачевқа: «Алматы – ұйғырдың жерi, бұл жерде ұйғырлардың автономиясы болу керек» – деп, Үндеу қабылдаған» – дейдi. Ендi, мiне, араға тағы 20 жыл салып, Шелек ауылында тағы бiр бүлiк шықты. Сол баяғы – жер дауы емес пе?! Кезiнде Қытайдан қашқын боп келген диаспора өкiлдерi бүгiнде елiмiзде үлкен саяси, мәдени күшке айналып барады. Билiкте де өкiлдерi бар. Бұл да болса, қазақтың жақсылығы, қазақтың қонақжайлылығы емес пе?! Бiрақ бұл бауырлас диаспораның әрбiр 20 жыл сайын бас көтеруiне не себеп?! «Желтоқсан жаңғырығы» қозғалысының төрағасы Төлеген Әлжан былай дейдi: «1986 жылғы 19 желтоқсанда Сергей Карапитянның басшылығымен өткен ұйғырлар жиынының хаттамасының көшiрмесiн мен 1990 жылы Мұхтар Шахановтың комиссиясына тапсырдым. Бұл туралы 1996 жылы «Егемен Қазақстан» газетi де арнайы мақала жазды. Яғни, ұйғырлардың бұрыннан өзiнiң алдына қойылған мақсаттарын қазiр жүзеге асырып келе жатқаны рас. Мұндай жағдайда бiз сырттан жау күтпей-ақ қояйық… Баланы ұрып-соғып, аузына сиiп кеткенi – бұлардың қазiр күшейiп отырғанын аңғартпай ма?!» – дейдi. Саясаттанушы, «Казахская правда» басылымының басшысы Ермек Нарымбаевтың айтуынша, жағдай шиеленiспей тұрғанда мәселенi шешiп алу керек. Өз сөзiнде ол: «Бiрiншiден, Қонаев кезiнде Қазақстанда 250 аудан болса, Назарбаев кезiнде олардың саны 150-ге дейiн қысқарды. Сондықтан экономикалық қажеттiлiктердi алға тартып, ешқандай шусыз, Ұйғыр ауданын екiге бөлiп, бiр бөлiгiн – Кеген ауданына, екiншi бөлiгiн – Панфилов ауданына қосу керек едi. Екiншiден, Қазақстанда ұлт атауымен аталатын екi аудан бар. Олар – Еңбекшiқазақ ауданы мен Ұйғыр ауданы. Бұл не? Қазақ Республикасында қазақ ауданы бар деген сөз бе? Сондықтан екi ауданның да атын өзгерту керек» – дейдi. Радикалды ұлтшылдар, тiптен, әлемдiк елдердiң мемлекет пен ұлт мүддесi үшiн депортацияны пайдаланғанын алға тартып отыр. Әйтеуiр, әрбiр 20 жыл сайын диаспора өкiлдерi бас көтере берсе, бұл Қазақстан тәуелсiздiгiне үлкен нұқсан келтiредi деген ойда.

Шелектегi оқиғаға байланысты ұлттық қозғалыстар екi күн бойы баспасөз мәслихаттарын өткiздi. Төтенше оқиғаға байланысты екiншi күнi өткен жиынға «Ұлт тағдыры», «Халық дабылы» қозғалыстары мен «Аллажар» қолдау қорының мүшелерi келiп қосылды. «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшiм: «Бұны ауыл арасындағы төбелес деп жылы жауып қоюға болмайды. Өзбекстандағы месхетин түрiк пен өзбек арасындағы кикiлжiң базардағы бiр аяқ құлпынайдан басталған» – дейдi. Ұлт патриоттары алдағы уақытта Шелекке барып, түсiндiру жұмыстарын жүргiзбек ниетте. Ең бастысы, олар екi аудан – Еңбекшiқазақ пен Ұйғыр аудандарының атын өзгерту мәселесiн арнайы үндеуде қамтымақ. Олар: «Мемлекет – сiздердiкi, жер – бiздiкi» деген ұран Қазақстан Республикасының Конституциясына қарсы. Бұл мәселемен де айналысу керек» – дейдi.

ТҮЙIН. Қазiр Қазақстан әлем алдында ұлтаралық бейбiтшiлiгiмен, дiнаралық үндестiгiмен, баянды өмiрiмен мақтанады. Күнi бүгiнге дейiн бiз қазақ ұлтының арқасында ғана бiрлiк-берекеге қол жеткiзiп отырмыз. «Қазақстан – бiрлiгi жарасқан көпұлтты да көпдiндi ел» деген имидж соңғы кездерi бiртiндеп үгiтiлiп барады. Қазақстанның жер-жерiнде осы тектес оқиғалар орын алып келедi. Өткенде Теңiзде қазақ пен түрiк жұмысшылары төбелестi, бiрнеше айдан соң, тап Тәуелсiздiктiң 15 жылдығы қарсаңында Шелекте ұйғыр диаспорасының кейбiр жастары кикiлжiң шығарды. Яғни, «елiмiзде тыныштық» деп әлем алдында қанша мақтансақ та, iс жүзiнде ұлтаралық жағдайдың қиындап бара жатқанын осы тектес оқиғалардан-ақ аңғаруға болады. Бүгiнде бiз Қазақстандағы диаспоралар iшiнде ұйғыр диаспорасын орыстан да жақын тұтамыз. Дiнiмiз – бiр, тiлiмiз – ұқсас деймiз. Бiрақ бауырлас халық өкiлдерiнiң ұлтаралық жағдайға қаяу түсiрерлiктей дөрекi қылықтарына қарап, сескенетiмiз бар iштей… Жастар арасындағы төбелеске көңiл аудармасқа да болар едi, егерде жер мәселесi айтылмағанда… Бiрақ екi бауырлас ұлт пен диаспораны осы жағдай алшақтата түсуi мүмкiн.

Шелектiң лауазымды аға-көкелерi осы оқиғаға дейiн «бiздiң ауылда 58 ұлт өкiлi тату-тәттi өмiр сүредi» деп мақтан тұтып жүрсе керек. Iс жүзiнде жағдай басқаша екен. Осындай ұлт араздығын тудыратындай оқиғаларды жылы жауып қоя берсек, күндердiң бiр күнi «үлкен жарылыс» болмасына кiм кепiл?! Билiк 15 жыл бойы Қазақтың әлеуметтiк жағдайына, Қазақтың тiлi мен дiнiне, жерiне көңiл бөлмей келдi. Бүгiнде Қазақстандағы қазақ саны – 61 пайыздан асады, қалғандары түрлi дiнге, ұлтқа бөлiнген диаспоралар ғана. Майда-шүйде диаспоралардың құқын билiк 15 жыл бойы аялап келдi. Шелектегi оқиға – сол билiктiң жақсылығына қарсы жәйт емес пе?! Яки, Қазақ мүддесiн ойлайтын кез жеттi.