ӘКІМДІК ПЕН КОРПОРАЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ

ӘКІМДІК ПЕН КОРПОРАЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ

ӘКІМДІК ПЕН КОРПОРАЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ
ашық дереккөзі

Қазақстанның тау-кен-металлургия өнеркәсібіндегі ірі компания «Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды олбысы әкімшілігімен өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойып, ары қарай тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге бел буа кірісті. Қарағанды облысы әкімі Нұрлан Ниғматулин мен корпорация басшысы арасындағы өзара меморандумға сәйкес екі жақ өзінің талап-тілектерін білдірген. Мәселен, қала, аудан әкімі жеке кәсіпкерлік пен инвестициялық ортаны облыс аймағында қарыштатуға, транспорттық және инфраструктуралық инженер нысандарын пайдалану мен құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ, ҚР заңдарына сәйкес, Абай қаласында коммунальдық төлемақы нормаларын реттеуге келісімін береді. «Қазақмыс» корпорациясы Балхаш қаласындағы бос қаңырап қалған мекемені келешекте толық құрылыстан өткізіп, баспана ретінде пайдалануға береді.

«Қазақмыс» компаниясы да өз кезегінде қарап қалмай, мынандай пайдалы шарттарды ұсынады. Бастысы, Қарғанды облысының 70-жылдығына байланысты Жезқазған, Балхаш, Сатпаев қалалары мен Қарағайлы ауылын мерекелік безендіру үшін алдын-ала дайындық шараларына кететін қаржының 50х50-ін өз жүктеріне алмақшы. Сол сияқты келер жылы Жаман-Айбат мыс кенінен жылына шамамен 4,0 млн. тонна мыс өндіруге барын салмақ. Негізі «Қазақмыс» жылына 40 млн. тоннаға жуық руда және 7 млн. тоннаға жуық көмір өндіреді, 400 мың тоннаға жуық тазартылған мыс, 4500 келіден астам алтын құймасын, 638 тоннаға дейін түйіршік күміс шығарады. Мұнымен қоса жылына 5 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндіреді екен.

Қазақмыс – әлеуметтік саладағы 152 обьектінің қызметін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қарағайлы облысында кен-байыту фабрикасында алтын-полиметалдық мысты жылына 1,5 млн. тонна өндіруді қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында жергілікті жұмыс күштерін қауіпсіздік шараларын, білім алуын қамтамасыз ету үшін жаңа құрылыс нысандарын ашу көзделеді. Корпорация кеншілер мен олардың отбасына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін 2006 жылдың екінші жартысында Сәтбаев қаласынан олимпиада стандартына сай спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтады. Онда жасанды шөп өскен жабық футбол алаңы, жабық бассейн, мұз сарайы, спортшыларға арналған екі қонақ үйі бар. Бұл кешен Сәтбаев қаласында ересектер мен балалардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік туғызады. Бұған дейін осы қаладағы 1-орталық қалалық аурухананы толықтай жөндеуден өткізген-ді.

Бұдан да басқа көзге көрініп жатқан шаралар баршылық. Балхаш қаласының, жалпы, Қарағанды облысының күрделеніп кеткен экологиялық аймағын жақсарту мақсатында 2007 жылы күкірт қышқылын өндіретін зауытты іске қоспақ. Сол сияқты Қарағанды әкімі мен «Қазақмыс» басшысы Р.Б.Юн мырза қол қойған келісімшартта барлық атқарылатын игі бастама тең дәрежеде жүзеге асады. Жақын арада Қарқаралы облысы Қарағайлы ауылындағы Мәдениет үйін толыққанды күрделі жөндеу жұмысынан өткізу, 2007 жылы Жезқазған мен Сатпаев қалааралық жолды күрделі жөндеу жұмысын, «Сары-Арқа» хоккей клубын 2006-2007 жылы қаржыландырады. Қарағанды облысында шағын қонақ үйінің құрылыс жұмысын тезірек бітіруге қолұшын бермек.

«Қазақмыс» корпорациясы еңбекті қорғауға, денсаулыққа, қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға, сондай-ақ құрылымдық бөлімшілері орналасқан өңірлердің әлеуметтік дамуына айрықша мән береді.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ