ЖАМБЫЛ ГРЭС-iн ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ЖӨН БЕ, ЖОҚ ӘЛДЕ...
ЖАМБЫЛ ГРЭС-iн ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ЖӨН БЕ, ЖОҚ ӘЛДЕ...
Елдiң оңтүстiгiн электр қуатымен қамтамасыз етiп, көгiлдiр отын мәселесiн шешу үшiн Үкiмет арнайы қаржы бөлгiзiп, Жамбыл ГРЭС-iн пайдалануға беруге мүдделi. Ұзындығы 1600-1700 шақырым «Солтүстiк- Оңтүстiк» линиясының құрылысы бiтсе, оңтүстiк аймақтың электр қуаты тапшылығы кәдiмгiдей бәсеңдеп қалар едi. Бұған дейiн бұл аймақ Екiбастұз бен Ақсу электр станцияларынан бөлiнетiн элекр қуатымен қамтамасыз етiлiп келген едi.
Негiзi, Жамбыл ГРЭС-нен электр қуатын өндiру шығынды дүние. Сондықтан да ондағы өндiрiлетiн электр қуатының құны қымбат. Осы мәселеге байланысты, Үкiмет Жамбыл ГРЭС-де өндiрiлетiн отынды азайтуға ден қойып отыр.
Электр қуатының тапшы болуы негiзiнен Жамбыл ГРЭС-iнде өндiрiлетiн өнiмнiң бәсекеге шыдамсыздығына байланысты. Қазiргi күнi «ҚазНИПИЭнергопром» институтында жобаның техникалық- экономикалық жағдайы зерттелiп жатыр. Соңынан экономикалық көрсеткiштерi нақтыланады. Аймақты негiзгi және ауқымды қуатпен қамтамасыз ету үшiн екiншi ВЛ-500 «Солтүстiк -Оңтүстiк» жобасының құрылысы салынуда. Оның энергияны өткiзу сыйымдылығы 630 мегаваттан 1 350 мегаватқа дейiн жетедi. Бұл линия 2009 жылдың алғашқы кварталында iске асырылады. Осы жылы ауқымы 300 мегаваттық, құны 250 млн.АҚШ долларына сай Мойнақ ГЭС-i салына бастады. Ол 2008-2009 жылдары пайдалануға берiлмек.
Оңтүстiк Қазақстанмен қоса, электр энергиясының тапшылығын Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары да сезiнiп отыр.
Республикадағы электр энергиясының өндiрiлуi мен тұтынылуын мынадай деңгейде есептеуге болады: Егер сағатына 83, 5 млрд. киловатт тұтынылса, 2010 жылы 88, 59 млрд.киловатт жұмсалады. Ал егер де сағатына 101, 0 млрд.киловатт тұтынылатын болса, 2015 жылы тұтынылған энергия сағатына 101, 26 млрд.киловатқа жетедi. Ал келер күз- қыс мезгiлдерiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының энергия тапшылығы «Солтүстiк-Оңтүстiк» транзитi бойынша 700-800 мегаватқа жетедi.
Былтырғы күз-қыс мезгiлiнде тұтынушылар Жамбыл ГРЭС-нен сағатына 1, 3 млрд. киловатқа жететiн электр қуатын алды. Алайда, табиғи газ бен мазут бағасының кезектi рет қымбаттап кеткендiгiнiң салдарынан республикалық бюджеттен бөлiнген 2, 274 млрд.теңге ГРЭС-тiң 2005-2006 жылдары аралығындағы шығынын жаба алмады. Тек «ҚазТрансГаздың» 2, 40 79 млрд.теңге бөлуiнiң арқасында электр станциясының жұмысында ауытқушылық болған жоқ. Алайда, тиiстi мемлекеттiк органдар мен ведомстволарға мәселенiң мән-жайы жөнiнде айтылғанымен, 2,7 млрд. теңге әлi күнге дейiн төленген жоқ. Бұл Жамбыл ГРЭС-нiң қаржылық жағдайын қиындата түсуi мүмкiн. Мұның салдарынан, электр жарығының өшiп қалу қаупiн де жоққа шығаруға болмайды. Ал оңтүстiктiң үйлерiнiң жарығы көптен берi сөнбеген едi…
«Солтүстiк-Оңтүстiк» жүйесiне сенудiң қажетi жоқ. Осы келе жатқан 2006-2007 жылдардағы күз-қыс мезгiлiнде Жамбыл ГРЭС-i жұмыс iстемесе, электр тапшылығының көлемi 740 мегаватт болады деген болжамды КЕГОК өкiлдерi айтып бастады. Ал, 740 мегаватт дегенiмiз Оңтүстiк Қазақстан мен Қызылорда облысының энергопайдалануының деңгейiне сай. Сондықтан, Жамбыл ГРЭС-нсiз келе жатқан күз-қыс мезгiлiн көзге елестетудiң өзi қиын. Ал оның дұрыстап жұмыс iстеуi үшiн бiр сөзбен айтқанда, 9, 93 млрд.теңге керек.
Әрине, ГРЭС-ке дотация бөлмеу нарық заманының талабы. Оның үстiне, Жамбыл ГРЭС-не оңтүстiк аймақта баламаның болмауы, оның өндiрген электр қуатының қанша болса да пайдаға асатындығынан хабар бередi. Бiрақ, мұның соңынан электр қуатының қымбаттайтынын да ұмытпау керек. Сондықтан, ГРЭС-ке мемлекет тарапынан ақша бөлу арқылы оның өндiретiн электр қуатының бағасын арзандатудың мәнi бар. Электр қуаты бағасының экономикадағы бүкiл бағаға әсер ететiнi де белгiлi жайт.
ҚАНДАЙ БАЛАМА БАР? КӨМIР МЕ?
Жамбыл ГРЭС- i өндiретiн электр қуатын қалай арзандатуға болады? Электр стансасының басшылары «Бәсекелестiкке бейiмделу басты мақсатымыз» дейдi. Жамбыл ГРЭС-нiң жұмысы арзанға түсуi үшiн қазiр оның электр энергиясын өндiру ауқымын көмiрге ауыстыру жолдары да қарастырылып жатыр. Ал ГРЭС-тi реконструкциядан өткiзу үшiн шамамен 600 млн.доллар керек. Әрi әр түрлi жайттарды есепке алғанда, станцияны қайта құру үшiн төрт-бес жыл керек. Бiрақ, оның өзi күз-қыс мезгiлiнде туындайтын тапшылықты толықтай шеше алмайды.
Тұтынушылармен келiсiм-шарт жасаспас бұрын ең алдымен Жамбыл ГРЭС-i дотациялық, яғни, қаржылық қолдау арқылы жұмыс iстей ме, жоқ әлде, қолдаусыз жұмыс iстей ме деген мәселенi айқындап алу керек. Егер қаржылық қолдаусыз жұмыс iстейтiн болса, станцияның шиналарындағы электр энергиясының құны килобайт сағатына 3,4 теңгеден, 8, 5 теңгеге қымбаттап кетедi. Қазiргi күнi көтерме нарықтағы электр энергиясының құны сағатына 1, 8 теңге киловатт екенiн ескерсек, оңтүстiк аймақ тұрғындарының бiраз қиналып қалуы мүмкiн.
Сондықтан да Жамбыл ГРЭС-не тиiстi 2, 4079 млрд.теңгенi қайтару керек. Өйткенi, осы ақшаға сай сомаға оңтүстiктегi төрт облыс электр энергиясымен қамтамасыз етiлген. Келесi жолы жағымсыз жайттардың орын алмауы үшiн Жамбыл ГРЭС-нiң акционерi «ҚазТрансГаз» қажеттi шаруаларды жасап жатыр.
ОҢТҮСТIКТЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
Энергетиктер қазiрдiң өзiнде «коммуналдық төлемнiң қымбаттауынан халық зардап шегедi» деп байбалам салып жатыр. Естерiңiзде болса, мамыр айында тариф құны 5, 8 теңгеге өскенде, жұрт бiраз шу көтерген едi. Ал тамыз айының басында оңтүстiктегi бiраз мекемелерге күз-қыс айларында электр энергиясының құны 5, 24 теңге болады деген хабарлама келдi. Ал бұл әрине Үкiметтiң Жамбыл ГРЭС-iн дотациясыз режимге көшiру жайлы шешiмiнiң әсерiнен туындаған жайт. Жыл сайын қазан айы мен мамыр айының аралығында Жамбыл ГРЭС-i оңтүстiктiң энерго тапшылығын қамту үшiн ауқымды жұмыс iстейдi. Маусым айының iшiнде Энергетика және минералды ресурстар министрлiгiнде өткен жиылыста «Егер ГРЭС-ке дотация беретiн болса, оның құны 9 900 млн.теңгенi құрайды» делiнген. Бiрақ, бұл жағдайда, мазут пен газдың бағасы бұрынғы бағасында қалуы керек. Соның өзiнде тұрғындар тарифтiң 60 пайыздық өсiмiнен қашып құтыла алмайды.
«Оңтүстiк-Жарық» ЖШС маманы Любовь Меркурьева «Бiздiң кәсiпорынның экономикалық қызметi есептегенiндей, тұрғындар әр киловатт сағатына 8, 5 теңгеден төлейдi. Бұған қоса, КЕГО-тiң «Оңтүстiк-жарық транзиттiң» тасымалдау ақысын қосыңыз. Ол киловатт сағатына 23 тиыннан түседi. Қазiрдiң өзiнде баға осылай түзiлiп тұр. Кейiннен қалай болатынын тiптi айта алмаймыз» дейдi ол.
Жаз бойы оңтүстiктiң халқы, әдеттегiдей қырғыз суының арқасында сол елдiң электро энергиясын алып келдi. Ал күзде облыс солтүстiктегi электр энергиясы көздерiне қосылуы керек едi. Бiрақ, КЕГОК-тiң күшi қажеттi электроэнергияны тасымалдауға жете бермейдi. Тек ғана «Солтүстiк-оңтүстiк» линиясы бүкiл қажеттiлiктi қамти алмайды. Келесi жылы екiншi линияны iске қосу жоспарлануда. Бiрақ, бұл мәселе де уақыттың еншiсiнде. Ал тұтыну деңгейi жыл сайын бес-сегiз есеге артып келедi. Электр энергиясын өндiретiн Шардара ГЭС-i су қоймадағы судың аз болуы кесiрiнен қажеттi дәрежеде электр энергиясын өндiре алмаған. Солтүстiк облыстардағы қор көздерiнен де оңтүстiкке келетiн электр энергиясы көлемi аз болатын шығар. Бiр сөзбен айтқанда, солтүстiктiң электр энергиясы оңтүстiктi қамти алмайды. Яғни, тарифтi қайта қарастыру керек. Болмаса, электр энергиясын өндiретiн компания шығынды болады. Кәсiпорын басшылығы бұл мәселелер жөнiнде облыс әкiмi мен депутаттарды құлағдар еттi. Мұнан кейiн депутаттар корпусы Қаржы министрi Наталья Коржоваға ұжымдасқан хат жiбердi. Онда Жамбыл ГРЭС-iн дотациялық режимде сақтап қалу жайлы тiлектер айтылған. Бұл аймақтағы ахуалдың нашарлап кетпеуiнiң кепiлi.
Қазiргi күнi энергетиктер осы қиын ахуалдан шығу жолдарын iздестiрiп жатыр. Тәжiктiң арзан электр энергиясын алып келу жайлы ұсыныстар да бар. Трафиктi ашу жолдарына Энергетика және минералды ресурстар министрлiгi ықпал етуде. Алайда, ол энергияны өзбек жерiмен тасымалдау мәселесi тағы бар. Дегенмен, энергетикалық дағдарыстан құтылу жолдары қаншалықты көп болғанымен, мамандар Жамбыл ГРЭС-iне балама көрiп отырған жоқ. Сондықтан да оңтүстiк облыстардың энергетиктерi Үкiметке және Энергетика және минералды ресурстары министрлiгiне «Жамбыл ГРЭС-iн қамтуға қажеттi ақшаны табуға және сол арқылы электр энергиясы тарифiн тоқтатуға өтiнiш жасап отыр.