Жаңалықтар

ҚАЗТРАНСОЙЛ: ҚЫС МАУСЫМЫНА ӘЗIРМIЗ

ашық дереккөзі

ҚАЗТРАНСОЙЛ: ҚЫС МАУСЫМЫНА ӘЗIРМIЗ

«КазТрансОйл» акционерлiк қоғамы мемлекеттiк «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тiң құрамына енетiн Қазақстандағы жетекшi компаниялардың бiрi. Қазiргi уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ республикамыздағы iрi мұнай құбырлары жүйелерi арқылы шикi мұнайды тасымалдау iсiне бақылау жасауда. Сондай-ақ, оның экспортқа шығуына да тiкелей қамқорлық танытып, Қазақстандағы мұнайөндiрушi зауыттарға басшылық етiп келедi.

«ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдайтын магистральды құбыржелiлерi –7976,43 шм.

Оның iшiнде:

Мұнайжелiлерi –5801,23 шм.

Сужолдары –2175,2 шаршы шақырым

Резервтi парк көлемi –1306,4 мың м3

Мұнайөңдейтiн станциялар –36 шт.

Мұнай жылытатын станциялар –15 шт.

Жылытатын пештер –61 шт

Темiржол эстакадалары – 5 шт.

Су тартатын станциялар –3 шт.

Сутазартатын құрылғылар – 2 шт.

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ТАСЫМАЛДАЙТЫН МҰНАЙЖЕЛIЛЕРI:

«Өзен-Атырау-Самара» (0-1237,4 шм); «Қаламқас–Қаражанбас-Ақтау»; «Өзен-Жетiбай-Ақтау» (1 жiп); «Ақтау-Жетiбай-Өзен» (II жiп); «677 шм –АНПЗ»; «Прорва-Күлсары«; «НПС3 –Қосшағыл»; «Мартышы-Атырау», «Жанңажол-Кеңқияқ»; «ГНПС «Әлiбекмола»– н/п «Жаңажол –Кеңқияқ»; «Кеңқияқ –Орск»; «Омск–Павлодар» (258,1 — 481,3 шм); «Павлодар –Шымкент»; «Құмкөл –Қарақойын» (екi жiп); «Шымкент – Чарджоу» (0-294,5 шм).

Сужелiлерi:

«Астрахань-Маңғышлақ»; «Сай Өтес –Бұзашы»; «112 км –Өмiрзақ»; «Бұзашы-п. Ақшымырау»; «Құлсары–Прорва»; «Өзен–Кендерлi».

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың құрамына төрт филиал енедi:

Батыс (Атырау қаласы), шығыс (Павлодар қ.) ғылыми-Техникалық Орталық (Алматы қ.) Коллективтi пайдаланудың есептеушi орталығы (ВЦКП) (Астана қ.)

Сондай-ақ, компанияның шет мемлекеттерде де өкiлдiгi бар: Мәскеу, Орск, Самара, Киев.

Мұнай тасымалдауда қазақстандық операторлар негiзiнен өсу инфрақұрылымдарының дамуында басты позицияларды ұстанады, олар альтернативтi және оптимальд шикi энергетиканы жеткiзу жүйелерiнде, сонымен қатар, олардың құрылысына инвестиция тарту үшiн жұмыс жасайды.

«ҚазТрансойл« компаниясы құрылғалы берi магистральды мұнайжелiлерi жүйесi үшiн жан-жақты жөндеу жұмыстарын жүргiзiп келедi, «Әлiбек-Кеңқияқ», «Солтүстiк Бұзашы –Қаражаңбас» мұнайқұбырларына, мұнай құюшы ГНПС Атасу» эстакадалары, «Шағыр» мұнай құюшы темiржол бөлiктерiне эксплуатация жүргiзiлдi.

Қытайдың КННК ұлттық компаниясының еншiлес компаниялары әрiптестiк қызмет атқара отырып, «Кеңқияқ-Атырау» және «Атасу-Алашанқай» магистральды мұнай құбырлары iске қосылды.Компания өздерiнiң халықаралық позицияларын да мықтап ұстануда. Оған куә бүгiнгi күнi олардың өсу деңгейiнiң күннен күнге артуы болып отыр.

Компанияның корпоративтi өсуiнiң маңызды шарты олардағы мамандардың да мықтылығында болса керек. Қазiргi уақытта «ҚазТраснОйл» компаниясында 7000-ға жуық адам қызмет iстейдi.

Құрылыс нысандарын қаржыландыру мәселелерi де компаниядан тыс қалған емес. Әлеуметтiк-мәдени жұмыстарын назарға ала отырып, аудандардың қажеттiлiгiне орай, мемлекеттiк бағдарламамен жұмыс iстеп келедi. «ҚазТрансОйл» АҚ филиалдары құрылыс жұмыстарын Астана сияқты жас қалалар мен өзге де аймақтарда жүргiзiп келедi.

«ҚазТрансОйл» қайырымдылық және демеушiлiк жұмыстарынан да тыс қалған емес. Әлеуметтiк қорғауы төмен отбасыларға, ардагерлер мен мүгедектерге де қол ұшын созып келедi.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары да компания үшiн маңызды. Арнайы мониторингтер жүргiзiп, экологиялық шаралармен айналысып келед. Әртүрлi апаттардың алдын-алу үшiн де тиiмдi шаралар жасауда.

ЖЫЛУ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Ағымдағы 2006 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шығыс филиалында 37 су жылытатын қондырғылар орнатылған, ал батыс филиалы Қоғамында 61 су жылытатын және 8 бу қондырғылары бар.

Шымкенттегi мұнай құбырлары басқармасының «Шымкент» ГНПС-нiң Шығыс филиалы Қоғамында ескi қондырғылардың орнын алмастырып, 2 «Мерт» деп аталатын су жылытатын қондырғылар орнатылды, оның қуаттылығы сағатына 1,6 Гкал

Мағыстау мұнайқұбырлары басқармасының «Бейнеу» ЛПДС-тiң Батыс филиалы қоғамында ескi қондырғылардың орнына жаңа 2 «Мерт» су жылытатын қондырғылар орнады, оның да қуаттылығы сағатына 1,0 Гкал болып келедi.

2006 жылдың соңына қарай, ескi қондырғыларды жаңалау көзделiп отыр. Олар:

Үшарал мұнайқұбырлары басқармасының Шығыс филиалы Қоғамында 2 су жылытатын «Мерт» қондырғысы, оның қуаттылығы сағатына 1,2 Гкалды құрайды.

Маңғыстау мұнайқұбырлары басқармасы «Сай-Өтес» СПН-ге 2 су жылытатын «Мерт» қондырғысы қойылмақ, оның қуаты сағатына 1,0 Гкал.

2006 жылдың 15 мамырында бекiткен жоспар бойынша «ҚазТрансОйл» Ақ компаниясының әрбiр нысандары 2006-2007 жылға дайындық жұмыстарына кiрiсiп кеттi.

2006 жылдың соңына шейiн қажеттi жылу жүйелерi жұмыс iстеуге даяр болуы қажет. 2007 жылға жылыту жүйелерiн жүзеге асыру үшiн байқауға қатысуға арналған құжаттарды дайындау үстiнде, ол тендерге қатысу 2006 жылдың 31 қарашасында хабарланады.

Осындай жағдайлармен Қоғамдарда жүзеге асырылған 13 жылу жүйелерi үшiн 7077673 теңге (НДС) жұмсалып отыр.

11 жылыту қондырғысы мен 3 151 жылу жүйелерiн қалыпты реттеушi жұмыстар үшiн жалпы 12 992500 теңге (НДС) жұмсалды.

СУСОРҒЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

Сондай-ақ, көптеген жылу және жүйелi сорғыш қондырғыларға арнайы ревизия жасалып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ол сужүйелерiн төмендету және өртсөндiру жұмыстары үшiн қажеттi.

Барлық магистральды қүбыржелiлерiндегi сусорғыш қондырғыларға тексеру жұмыстары жүргiзiлдi.

НС 1 және 2 «Кигач» ГОС су көтергiш қондырғы техникаларын қалыңдату жұмыстары жасалды.

«Кигач» ГОС хлораторды НС 1 сукөтергiш қондырғыларына өңдеу жұмыстары жүргiзiлiп, қыс кезiнде ауа шығаратын НС бiрiншi және екiншi су көтеретiн құрылғыларын жабдықтау, ЖБР N1,2,3,4 V–6000 куб.м., сондай-ақ, НС 2 «Кигач» ГОС станцияларның күшейткiштерiн тұрақтандыру қызметтерi жасалуда.

ЖЕЛIЛIК БӨЛIМДЕР БОЙЫНША

Бұл жүйе бойынша:

–«Делфин» РВМ -376 теплоходын, КС-102, СВП-500 катерлерiн консервациялау,

–тексеру, тазалау және жаздық УПТР су асты жұмыс iстейтiн қондырғыларын консервациялау,

– тексеру, тазалау және жаздық су асты УПТР қондырғыларын қыс мезгiлдерiне сақтау, мұнайжинақтаушы құрылғылар және күштi агрегаттарды консервация жасау;

– Тазалау және қыстық сақтау , мұнайжинақтаушы қондырғылар және күштi агрегаттар,

– «Кеңқияқ-Атырау« мұнай желiлерiне пневмогидроприводов желiлiк шарлы 1-23 крандармен толтыру. Толтыру күшi Р-130-150 кгс/см2

–Азотты баллондарды толтыру үшiн пневмогидроприводтарды қысқа даярлау,

– N1,2 (ЕСР) N3 (1,5 км), N4 (56 км), N5 (110 км), N6 (17 км) «Астрахань-Маңғышлақ» су желiсiнiң люк-лазаларын жылыту жұмыстары жүргiзiлдi.