Жаңалықтар

ЕРКЕГIН ҚОРЛАҒАН ЕЛДЕН БЕЗ

ашық дереккөзі

ЕРКЕГIН ҚОРЛАҒАН ЕЛДЕН БЕЗ

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттiк хатшысы, орталық барлау басқармасының басшысы Аллен Даллестiң 1950 жылы шыққан «Соғыс не бейбiтшiлiк» деген кiтабы бар. АҚШ-тың бүкiл әлемдi билеуге тиiстiгi туралы зымиян тұжырымға толы сол кiтаптың бiр тұсында былай делiнген.

«Соғыс аяқталды», ендi тiршiлiк бiртiндеп түзелуге бет алып, дүние тыныштала бастады. Осындай бiр кезде бiз қолымыздағының бәрiн: алтынымызды, басқа да байлығымызды, бар күшiмiздi басқаларды ақымақ, мәңгүрт етуге жұмсауға тиiспiз. Адамның миы, санасы өзгеруге бейiм. Дүниенi алақұйын етiп, басқалардың асылын жасанды жасыққа айналдыруға және олардың сол жасанды жасығын «асылым» деп қабылдауға мәжбүр етуiмiз керек. Қалайша? Бiз Кеңес одағынан пiкiрлестерiмiздi, одақтастарымызды iздеп табуымыз керек. Ондағы бас июдi бiлмейтiн ұлтта өзiндiк таным-сенiмiнен айырылу қасiретi бiртiндеп басталады да, мейлiнше жаппай етек алатын болды.

Әдебиетi мен өнерiн, мысалы олардың әлеуметтiк мақсат-мүддесiн өшiрiп, салт-дәстүрiн мазақ қып көрсетiп, суреткерлерiнiң қалың көпшiлiгiнiң көкейкестi ой-ниеттерiн зерттеуден айшықтап көрсетуден айырамыз. Әдебиетi, театры, киносы – бәрi де адами арзан сезiмдердi малданатын, мадақтайтын болады. Жезөкшелiктi, зорлық-зомбылықты, айуандықты, сатқындықты, яғни ұятсыздық атаулыны дәрiптейтiн суреткерсымақтарын қолдаймыз. Ұлттық мүддесiн қорғайтын шенеунiктерi дөрекi, пәтуасiз күлкi-келекеге жем етiлiп, ескiнiң сарқыншағы делiнедi. Екiжүздiлiк, бетсiздiк, суайттық пен сайқалдық, маскүнемдiк пен нашақорлық, бiрiнен-бiрi хайуандық қорқу, өзара қырқысу, сатқындық, бiр-бiрiн көреалмаушылықты, бiлiмдiлерiн күндеу мен дұшпандық – осының бәрi оларды ыстан бетер қақтайды, күйелейдi. Төңiрегiнде не болып жатқанын аңғара алатындар, түсiнетiндер азаяды, ал есi барларын дәрменсiздiкке ұшыратып, қолжаулық етiп, өлтiре мазақтап, қоғамның сiлiмтiктерiне айналдырып масқаралаймыз. Рухани бейшара, байғұс етiп, адамгершiлiктi мүлде ұмыттырамыз. Ұлтын ойлайтындарды әсiре – ұлтшыл деп, салт-дәстүрiн дәрiптейтiндердi ескiшiл, бiлiмсiз деп өздерi мазақ ететiн болады. Бала кездерiнен, жасөспiрiм шақтарынан шырғалаңға душар етiп, әбден азғындатамыз, қыздарын ардан жұрдай етемiз. Сөйтiп, олардан түйсiксiз, Отансыз тобыр жасаймыз…» деп жазғанын Қазақстанда қазiргi оппозиция мен қаптаған әйелдер ұйымы белсене атқарып отырған сияқты.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Еуропада iскер әйелдер ұйымдары мен қозғалыстары көптеп құрылды. Оларда бiр мақсат болды. «Еркектер бiзден жоғары, оларды бiзбен теңестiру керек» деп күрестi.

Жеңiстерден жеңiстерге жетiп жатты. Еркектер бұл «жеңiстiң» түбiне үңiлмедi. Сайлаудан өте алмаған әйелдер заңның күшiмен Парламентте және мемлекеттiк билiктi 50 пайыздан артық иеленiп алды.

1978 жылы Еуропада жүз мыңдаған гомосексуалдар мен лезбиянкалар жиналып, көтерiлiске шыққан. «Бiздiң құқығымыз аяққа тапталып жатыр» деп бүкiл әлемге жар салған. Олардың күресi он жылға созылды. Парламенттегi, билiктегi әйелдер осы «азғындарды» белсене қолдады. 1978 жылы оларды кемсiтушiлiкке қарсы бiржола заң қабылданып, оларды да «адам қатарына» қосты. Олар бұған қанағат еткен жоқ. Олардың қатары күн санап өсе бердi. 1995 жылы Дания мен Норвегияда еркек пен еркек, әйел мен әйелдiң заң жүзiнде некеге тұруына рұқсат берiлдi. 1998 жылы Нидерландыда рұқсат берсе, 2000 жылы оларға бала асырап алуға заңды түрде рұқсат бердi. Швецияда олардың RESL атты дүниежүзiлiк бiрлестiгi бар. Арнайы газет-журналдары, киностудия, бейнеклип шығарып, хайуаннан өткен азғындықты жарнамалаған жүрек айнытар шығармалары жетiп артылады. Швеция мемлекетi оларға қаржылай көмек көрсетедi. Мемлекеттiк билiкте «азғындардың» өз депутаттары мен министрлерi өрiп жүр десе де болады.

Осы күннiң өзiнде бұл елдердi бүкiл қасиетiнен айрылған, болашағы жоқ өлген ұлт есебiне қосуға болады. 1998 жылы әлемдiк жас жазушылардың байқауында, гомосексуалдар мен лезбиянкалар, жануарлармен жыныстық қатынас жасайтын азғындар туралы жазылған шығарма бiрiншi орын алды. «ZONA» деп аталын FM желiсiмен Бразилияда 2006 жылы жезөкшелердiң радиостанциясы ашылды. Онда жезөкшелiктi насихаттап, оларды: «Әлемдегi ең тәуелсiз, әдемi әрi ақылды қыздар» деп мақтайды. Бұл «азғын адамдардың» билiкте, бизнесте, өнерде көбейiп кеткендiгiнiң белгiсi.

Өздерiнiң не еркек екенiн, не ұрғашы екенiн ажырата алмайтын жарыместер күн санап бiзде де көбейiп келедi.

Бiздiң орыстiлдi тәуелсiз БАҚ-тардағы «азғын» жарнамаларды қарағанда төбе шашың тiк тұрады.

2005 жылы америкалық 43 жастағы мультимиллионер әйел Сандес Бернардес өзiнiң 17 жасар ұлы Эмилиоға тұрмысқа шықты. АҚШ-та баласына тұрмысқа шығуға рұқсат беретiн заң болмағандықтан Тайландқа барып некеге тұрған. Бұл азғын әйел: «Мен осыған дейiн екi рет тұрмысқа шықтым. Екеуi де жүрек ауруынан қайтыс болды. Оларды шын жүректен сүйгенiм рас, бiрақ Эмилиоға деген махаббатым ерекше, оның үстiне ол – менiң ұлым, әрi сүйiктi жарым. Мұндай ерекше сезiмдi елестету мүмкiн емес», – дептi.

Бұл әйелге жиiркенiшпен қараудың өзi аздық етедi.

Италияның «Әлеуметтiк балама» партиясын басқаратын Александра Муссолини (атақты фашист Муссолинидiң немересi) балаларына өзiнiң фамилиясын беру үшiн жанын салып күресуде. «Әйел мен еркектердiң құқығы бiрдей, неге тек еркектердiң фамилиясына жазылу керек», – деп байбалам салуда ол. Санасыздықта шек жоқ па дейсiң мұндайда.

Әйелдердiң арасында да ақылдылары жетерлiк екендiгiне шәк жоқ. Бiрақ, елiмiздегi бiлiм, медицина, әлеуметтiк салада әйелдер 80 пайыз жұмыс iстесе де, дамымай ең төменгi салалар болып тұрғанына таңым бар. Қазiргi таңда бiздiң «көсем әйелдер» бар жанын салып, облыстарды аралап, парламенттiк комиссия құрып, гендерлiк саясат жөнiнде заңды қандай жолмен болса да қабылдату үшiн жанталаса күресуiнiң астарында не жатыр? «Еркектердiң де құқығы үшiн күресемiз» деу бос сөз, айтудың өзi ұят. Дамудың жоғары деңгейiне жеткен Жапония,Қытай, Еуропалық елдердiң көпшiлiгi, мұсылман мемлекеттерi әлi мұндай заң қабылдаған жоқ. Гендерлiк саясат заңын қабылдамағаннан қайсысы көштен қалды? Жалпы әйелдердiң билiкке келуiне қарсы емеспiн. Тек мынадай «гендерлiк саясат» арқылы келуiне қарсымын.

Нағыз бiлiмдi, талантты, iскер, Отанын, халқын ойлап, оның тiлiн, салт-дәстүрiн ұстанып, әдет-ғұрпын сақтайтын, ұлт болашағы үшiн күресетiн әйелдер билiкке келе алмай қалады. Олардың орнына күйеуден ажырасқан, тұрмысқа шықпаған, өзге еркектерге «көзiн сүзiп» жүретiн, еркектердi жек көретiн, ата-ана үлгiсiн көрмеген, өзге тiлдiң, өзге ұлттың ықпалында өскен, бала сүюдi ұнатпайтын, көз алдында тек карьера тұратын, карьераны «бақытым» деп санайтын, аты әйел, заты басқалар билiкке келiп, ұлттың бiрлiгiн бұзады. Осы белсендi әйелдер тiлiмiздi, дiнiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтау, ұлттың-ұлт болып қалуы үшiн күрессе, халық оларды алақанына салып, өздерi-ақ бастық қылып сайлар едi.

«Гендерлiк саясат» – қазақ ұлттығын жою саясаты.

Мұнда Аллен Даллестiң жоспары тығылып жатыр.

1994 жылы Мәскеуге АҚШ–тың әйелдер қауымдастығының төрайымы келдi. Журналистер неше баласы бар екенiн сұрағанда: – Мен балаларды сүймеймiн, туғым да келмейдi, олар менiң карьерама кедергi келтiредi, орыс әйелдерi күйеулерiн тыңдайды, өз құқықтары үшiн күреспейдi екен, – деп ана болған әйелдердi кiнәлаған.

Америкадағы кейбiр аса атақты әйелдердiң өмiрлерiне үңiлгенде түршiгесiз. Аяулы, қадiрлi жан, ана деп айтуға ауыз бармайды. Өмiрлерiнде пұшпағы қанап, тұла бойына бала бiтiп көрмеген, баламның болашағы не болады деп бас қатырып көрмеген бейшаралар. Қазақстанға «үлгi» қылып жүрген Финляндия, Норвегия, Швеция, Дания, Голландия елдерiнде билiкте елу пайыздан артық әйелдер отыр. Олар осыдан 30 жылдай бұрын бiлiмдiлiгi, бiлiктiлiгiмен билiкке келген жоқ. Гендерлiк саясат заңымен келдi.

Бұл «зорлық заңы» – қазiр қалыпты заңға айналған. Әйелдер десе сайлауда соларға дауысты еш ойланбастан бере салатын жағдайға жеттi. Әйелдер билiкке келген қырық жылдың көлемiнде осы елдер бүкiл ұлттық қасиеттерiнен айырылды. Ұлттың аты тек мемлекеттiң атында ғана қалды.

Бұл күндерi осы елдердiң қарқындап дамуы төмендеп, бала туу, ұлттың өсiмi тоқтаған. Ұлттың санын шет елден келгендер арқылы толтырып отыр. Биылғы Франциядағы жастардың көтерiлiсi көп жайттың бетiн ашты. Дания, Щвеция, Норвегия, Голландия елдерiнде ендi елу жылда солардың тiлiнде сөйлейтiн адам таба алмай қалатынына күмән жоқ. Еуроодақта ағылшын тiлi және еуро ақшасы жүрiп тұр. Олардың болашағын ендi болжап көрiңiз. Осы күннiң өзiнде олар бiздiң «ұлт», «салт-дәстүр», «тiл», «дiн» деп айтқан сөздерiмiзге «артта қалған» деп күледi. Түсiнбейдi.

Бiздегi гендерлiк саясат жөнiндегi заң бүкiл халықтың талқысына түсу керек.

Ал қазiр оны шағын ғана топ дайындап, билiктерiн, беделдерiн пайдаланып Парламенттен өткiзiп жiберу үшiн жанталасып жатыр…

Тәуелсiздiк алғалы газет-журнал, теледидар, әртүрлi телешоулар, телесериалдар еркектердi тек бiр жақты көрсетедi, қанiшер, жауыз, зұлымдықтың ұрығын себушi ретiнде бейнелеп, әйелдердi әлемдегi ең дана, ең мейiрiмдi, жақсылықтың ұрығын себушi, әдiлдiк үшiн «жауыз еркектерге қарсы күресушi» ретiнде бейнелейдi.

Өткенде қазақ теледидарында бiр психолог әйел: – Еркектер алға озып бара жатса, аяқтарынан тартып кейiн қою керек, – дедi. Бұл не сөз?

Ел билер, қорған болар айбынды, асыл ерлерiмiздi әйелдердiң етегiмен қалқаласақ, болашақта ел болудан қалмаймыз ба? Еркек деген осы әйелдердiң ата-бабасы, әкесi, баласы, ағасы,iнiсi, күйеуi, нағашысы, жиенi емес пе? Еркектер де халық емес пе? Сонда халқын жамандап не опа таппақшы? Ел болғасын жаманы да болады. Аз ғана жаман үшiн – бүкiл ерлер қауымын жоққа шығару ақылдылық емес.

Қазақстанның экономикасын, саясатын әлемге паш етiп, азулы алпауыттар санасатын елге айналдырған еркектер ғой. Осы еркектердiң айбынынан дұшпандарымыз жерiмiздi жаулап алуға бата алмай отырған шығар. Осыдан 15 жыл бұрын батпаққа батып жатқанымызда әйелдер «бiз алып шығамыз» десе қайда жүрдi? Дайын асқа ие болып, ақылдымсып отыру ұятсыздық.

Шетелдiктер: «Елiн бұзғың келсе, бiрiншi, әйелдерiн бұз. Әйелдерi еркектермен «жауласатын» елмен соғысып, күресiп керегi жоқ, билiкке таласқан әйелдердiң өздерi-ақ олардың тоз-тозын шығарады», – деп айтатын көрiнедi.

Бұл әдiс – тарихта Түрiк қағанатын жоюмен дәлелденген. Қазақстанның, қазақ халқының тағдыры, болашағы әзiр әлi де белгiсiз. Қарнымыздың «тойғанына» мәз болып жүре беретiн түрiмiз бар. Ал гендерлiк саясаттың арыны жаман.

Әйелдердiң барлығы бастық болса баланы кiм туады? Бала тумағасын халық болмайды. Сонда олар кiмдерге бастық болмақшы? Еркектердi тек жамандауды көрiп өскен ұл-қызда қандай адамдық қасиет болады? Осы гендерлiк саясат жөнiндегi заң қабылданатын болса 20 жылдан кейiн азғындықтың көкесiн немере, шөберелерiмiз көретiн болады.

Бiрақ, ол кезде бәрi кеш болады.

Тоғайбай Нұрмұратұлы,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Софиевка ауылы.