"Болашақ" 22 жыл ішінде 8 мың маман даярлады

"Болашақ" 22 жыл ішінде 8 мың маман даярлады

"Болашақ" 22 жыл ішінде 8 мың маман даярлады
ашық дереккөзі

1993 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық маман даярланды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жоғары білім алып келгендердің 98 пайызы бүгінде жұмыспен қамтылған. Бүгін Парламент Сенатында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осындай мәлімдеме жасады. «Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды. Олардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің 25 елінде екі мыңға тарта студент оқиды. Олардың қырық пайыздан астамы техникалық мамандықтар бойынша білімін алуда», – деді министр. Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, 2014 ғылымды дамыту мақсатында 48 млрд. теңге бөлінген. «Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша 1574 жоба аяқталды, ал 118 жоба өндіріске енгізілді. 1400 патент алынды»,- деді Б. Сұлтанов. «Болашақ» бағдарламасы биыл да шетелде білім алғысы келетін жастарды қанатының астына алмақ. Бірақ осы жылы гранттар саны 180-ге қысқарғанын айта кету керек. Былтыр бағдарлама аясында 780 грант бөлінсе, биыл 600 грант бөлінді. Бұл туралы наурыз айында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов хабарлаған болатын. Үміткерлерден құжат қабылдау сәуір айынан басталды, қазанға дейін жалғасады. Биыл магистратура мен докторантураға басымдық берілмек.