Жаңалықтар

УКРАИНДАРҒА ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНЫҢ ӘЗIРШЕ ҚАЖЕТI ЖОҚ

ашық дереккөзі

УКРАИНДАРҒА ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНЫҢ ӘЗIРШЕ ҚАЖЕТI ЖОҚ

2006-жыл Қазақстанның Украинадағы жылы болып жарияланған едi. Бiрақ, украин демократтары Қазақстанға арнайы жыл арнап, үлгi алудың қажетi шамалы деп шештi ме, әлде өзге де себептерi болды ма, әйтеуiр, Қазақстанның жылынан биылдыққа бас тартып отыр. Тиiстi қаулыны Украин президентi Виктор Ющенконың өзi 23-мамырда қол қойған жарлығы арқылы қабылдаған. Ендi, Украинадағы Қазақстан жылы 2007-жылы аталып өтпек.

Қазақстан жағы, яғни Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi бұл жайтты «украин қоғамының назары елдiң iшкi мәселелерiне ауып отырғандығымен» байланыстырды. Яғни, оның сөзiне қарағанда, мәселе украиндардың өздерiне келiп тiреледi. Ал Украинаның Қазақстандағы елшiлiгiнiң бiрiншi хатшысы Анатолий Чабановтың сөзiне сүйенсек, мерзiмiнiң шегерiлуiне мұрындық болған Қазақстан жағы екен. «Бұл арада ешбiр саяси немесе экономикалық астар жоқ. Тек бұл шараға жақсылап дайындалу үшiн осылай шештiк» дейдi.

Гүлнәр Мұқанова