Жаңалықтар

БАСШЫҒА ХАЛЫҚ БЕРЕР БАҒАНЫ

ашық дереккөзі

БАСШЫҒА ХАЛЫҚ БЕРЕР БАҒАНЫ

Бүгiнгi таңда Сарыағаш ауданы Оңтүстiк Қазақстан облысында облыс көлемiндегi ең iрi қазiргi заманға сай нарықтық инфрақұрылымның негiзi қаланған өнеркәсiптiк-аграрлық аумақтардың бiрi болып саналады. Табиғатының потенциялдық қоры, жер асты қойнауынан шығып жатқан шипалы минералды суы, бетонит балшықтары сияқты пайдалы қазбалары, бидай, мақта, түрлi жемiс-жидектер мен жүзiм өнiмдерiн берiп жатқан жомарт жерi, көп тармақты автомагистриаль жолдары, еңбек ресурстарының молшылығы, ауданның көршiлес жатқан Өзбекстан Республикасымен 133 шақырымдық шекарамен шектесуi осының айғағы. Осы Өзбекстанмен шекаралас Оңтүстiк Қазақстан облысындағы ауданды әкiмшiлiк жүйеде үлкен тәжiрибесi бар “Жыл Әкiмi” атанған, “Құрмет” орденiнiң иегерi Жамбыл Шырақбайұлы Байғонов басқарады. Елдегi саяси жағдайдың тұрақтылығы экономиканың тұрақтылығына тiкелей байланысты. Күрделi экономикалық мәселелер өз шешiмiн тауып жатса, халықтың әлеуметтiк жағдайы жақсаратыны даусыз. Экономика өрлеу үшiн ең алдымен қаржы көздерiн табу күрделi мәселе. Бұл ретте аудандағы қаржы көздерiнiң бiрi салық саясаты дұрыс жолға қойылған. Осы жағдайдың арқасында 2005 жылдың қорытындысы бойынша салық жоспары 70 млн. теңгеге артық орындалды. – Бiздiң ауданға инвестиция тарту мына жобалар бойынша жоспарланып отыр: кiрпiш шығаратын зауыттар салу, мақта талшықтарын қайта өңдеу цехтарын, шарап жасау цехтарын салу, жiбек құртынан жiбек жiп өңдеп шығаруды қолға алу, жемiстер, сүт өнiмдерiн, ет өнiмдерiн өңдеп жолға қою басты мәселе. Аудан экономикасы дамуының тағы бiр көрiнiсi-жүзiм шаруашылығының қайта қолға алынуы деп ойлаймын. Сарыағашта 30 жыл бойы әртүрлi сапалы шарап түрлерiн өндiретiн, Ялтада, Братиславада, Будапеште, Тбилисиде, Софияда т.б. қалаларда болып өткен шарап конкурстарында бағалы 54 сыйлыққа ие болған – “Қапланбек” шарап зауыты жұмыс iстейдi. Сондай-ақ тұрмысқа қажеттi ағаш бұйымдарын жасайтын сан-алуан цехтар ашылды. Жарты төбеде кiрпiш зауыты iске қосылды. Сарыағашта ұн шығаратын диiрмен жұмыс iстейдi. Осы iстердiң барлығы да жұмыссыздықты жоюға, ауданның экономикасын тұрақтандыруға оң ықпал етедi. Сондай-ақ, ипотека арқылы 87 тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Ол тұрғын үйлердiң сапасы өмiр талабына сай. Әрине күнделiктi тұрғын үйге мұқтаж барлық талап-тiлегiн орындау күрделi мәселе. Сондықтан Сарыағаштан 200 гектар, ал Абай аймағынан 100 гектар тұрғын үй салу үшiн жер телiмiн бөлудi облыстық мәслихаттың сессиясына мәселе етiп қойдық. Күрделi ауыз су мәселесiн шешу үшiн көптеген жұмыстар атқардық. Қазiрдiң өзiнде Әлiмтау, Бозай, Тентексай елдi-мекендерiнде ұнғырлар қазылып, су құбырлары жүргiзiлуде. Биыл Сарыағашта ауыз су мәселесiн шешу үшiн бюджеттен 70 млн. қарастырылды, – дейдi Ж.Байғонов мырза. Ауданда республикалық бюджеттен бiр орта мектеп, аудандық бюджеттен бес мектеп салынбақ. Өткен жылы Абайда бiр орта мектеп пайдалануға берiлсе, оған қоса ауданда екi балабақша, бiр мектеп-интернат ашылды. Елдi-мекендерде жолдар ағымдағы жөндеуден өтуде. Осы бағытта 16 млн. теңге қарастырылып отырғаны құптарлық жай. Жамбыл Шырақбайұлы басқарған әр ауданның әлеуметтiк, экономикалық жағдайы әртүрлi. Сан–алуан проблемаға сан қырынан келуiне тура келдi. Бәйдiбекте Домалақ Ана, Бес Ана, Бәйдiбек баба кесенелерi, “Аппақ ишан” мешiт-медiресесiнiң еңсесi тiктелiп, гүлзар бақтар жасалды. 25 жылдан берi сақалды құрлысқа айналған орталық аурухана құрлысы қолға алынды. Ордабасы ауданында Шұбарсу ауыл әкiмшiлiгi өз алдына шаңырақ құрды. Елге еге табылды. Мұндағы барлық әлеуметтiк мәселелердi реттеуге қол жеткiзiлдi. Сан жылдардан шешiмiн таппай ескерусiз қалған Аққойлы елдi мекенiндегi тарихи “Ишан базар” мешiтiнiң шешiмiн тосқан тiрлiгiнiң де дөп келiп, бой көтеруi иманды шаралардың бiрi. Қазiр, ол басқаратын Сарыағаш ауданының жағдайы да көш iлгерi. Тұрғындар да дән разы. Қай жерде жүрсе де елге, халыққа қызмет етсем деген әкiмнiң нақты тiрлiгiне бағаны халықтың өзi берер.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ