«Электронды Үкiметтiң» интернеттегi веб-порталы iске қосылды
«Электронды Үкiметтiң» интернеттегi веб-порталы iске қосылды
«Электронды Үкiметтiң» веб-порталы мемлекет тарапынан көрсетiлген қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша көрсету тұжырымдамасын нақты жүзеге асыру тетiгi болып табылады. Мемлекет басшысының жарлығымен бекiтiлген жоба Қазақстан Республикасында «Электронды Үкiмет» құрудың 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылады делiнген. Интернеттегi веб-портал үш кезеңмен құрылып дамиды. Олар 2005-2006 жылдар аралығына сәйкес келетiн ақпараттық кезең, 2006-2007-жылдар аралығына сәйкес келетiн интерактивтi кезең және 2008-2009 – жылдар аралығына тиiстi транзакциялық кезең. «Электронды Үкiметтiң» веб-порталын дамытудың бiрiншi, яғни кешегi және бүгiнгi жылға сәйкес келетiн ақпараттық кезеңi аясында қазiргi жағдаймен бiлiм және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, индустрия және сауда, әдiлет, қаржы, денсаулық сақтау, энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi мен Ұлттық банктiң iс-қызметiн қамтитын 377 ақпараттық қызмет жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың аяғына дейiн порталда барлық мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық қызметтерiн жүзеге асырып, «Электронды Үкiметтi» құрудың ақпараттық кезеңiн аяқтау көзделiп отыр. Ақпараттық қызметтермен бiрге порталда «Электронды пошта», «Байланыстар сервисi», «Күнтiзбелiк жоспарлау сервисi», «Жазылу сервисi» қатарлы бiрнеше сервис түрлерi ұсынылған. Негiзiнде веб-портал қазақ және орыс тiлдерiнде жұмыс iстейдi.
Әсел ОСПАНОВА