“АХУАЛ ҚИЯМЕТ” — РУХАНИ МҰРА

“АХУАЛ ҚИЯМЕТ” — РУХАНИ МҰРА

“АХУАЛ ҚИЯМЕТ” — РУХАНИ МҰРА
ашық дереккөзі

Қазақ халқы — талай қиын-қыстау дәуірлерді басынан кешірсе де, өзінің бай рухани мұрасын қастерлеп, қорғап, ұрпақ-ұрпаққа мирас етіп жеткізген дана халық. Соның бір айғағы, жуырда 30-жылдардың құрбаны болған белгілі қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, ақын Ілияс Ахметұлының (1897-1938) жеке мұрағат қорында сақталып, “Ахуал қиямет” деген атпен шыққан кітап.

Төрт тараудан тұратын бұл еңбектің негізгі түп қазығы — дін мен діл. Халыққа қай кезде де болмасын құны есепсіз… Өйткені, Ислам шариғаты мен мұсылманның әдет-қағидаларын сан-алуан оқиғалармен (діни аңыз жырлар түрінде) бере отырып, қалың көпшілік оқырманның рухани шөлін басуға, мол ғибрат алуына мүмкіндік туғызып отыр. Кітаптың алғы сөзінде “Бұл шығарманың авторы — Шәді Жәңгірұлы болса, оны бізге аман-есен жеткізушілердің бірі — Ілияс Ахметұлы”, – деп берілген, алайда бізге шығарманың авторы Шәді ақын ба, әлде оны аман-есен жеткізген Ілияс Ахметұлы ма? – деген сұрақтан гөрі, бұл екі ақынның да араб-парсы классикалық әдебиетін, қисса-дастандарын жақсы білгендігі, бір сөзбен айтқанда, мәдени, өркениеттік дәрежесі өз заманына лайықты адамдар болғандығы ақиқат. Сондықтан, олардың қаламынан туған “Ахуал қиямет” тәрізді шығармалар қолжазба түрінде көшіріліп, атадан балаға мирас болып, жастарды адамгершілікке, ізеттілікке, ізгілікке, имандыққа шақырып, ислам дінінің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Бүгінде “Мәдени мұра” бағдарламасын қолға алып жатқан тұста, мұндай қазынаны толдап, іріктеп, одан өнеге алып, оны қастерлеп, бағалай білу, халыққа жеткізу — бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, “Ахуал қияметтің” жеке кітап болып шығуына Ілияс Ахметұлының жұбайы Шибан қызы Күлшара мен олардың ұрпақтарының еңбегі зор, мұны айтпай кету күнә.

Г. ҚҰЛНАЗАРОВА, филология ғылымдарының кандидаты