Жаңалықтар

«АЛТЫН САМҰРЫҚ» – АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНА

ашық дереккөзі

«АЛТЫН САМҰРЫҚ» – АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНА

«Алтын жұлдыз» байқауына биыл – 11 жыл. Қазақстан Журналистика академиясы өткізетін бұл байқау 17 номинация бойынша БАҚ арасындағы үздіктерді анықтап келеді. Биылғы байқау да әдеттегі үрдісінен жаңыла қоймапты. Жылдың ең үздік басылымын, ең үздік журналын, ең үздік радиобағдарламасын, ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын, ең үздік аймақтық арнасын тағы бір рет айқындап берді.

Сонымен, «Алтын жұлдызды» қанжығасына байлаған үздіктер кімдер?

Байқау қорытындысы бойынша, ең үздік қазақтілді республикалық басылым – «Айқын», ең үздік орыстілді республикалық басылым – «Литер», ең үздік қоғамдық-саяси журнал – «Континент», үздік радиобағдарлама – Қазақ радиосының «Сазды сәлемі» хабары, үздік балалар журналы – «Мөлдір бұлақ», үздік салалық журнал – «Дружба», үздік шоу-бағдарлама – «Дода», үздік авторлық бағдарлама – «Центр внимания», үздік ақпараттық бағдарлама – «Информбюро», үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама – «Хабар-Жер» деп танылды.

«Алтын жұлдыз» байқауында «Алтын самұрық» сыйлығын беру дәстүрі қалыптасқан. Бұл сыйлық биыл белгілі қоғам қайраткері, марқұм Алтынбек Сәрсенбаевқа және депутат Ғадылбек Шалахметовке берілді.