Жаңалықтар

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

ашық дереккөзі

ҰЛТ ПАТРИОТТАРЫ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Таяуда «Жас Алаш» газетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бір топ қазақ зиялыларының Ашық хаты жарияланған еді. Жазушысы бар, ғалымы бар, басы-аяғы 24 зиялы қол қойған хатта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жағдайына алаңдаушылық білдірілген.

Мұның артынша «Ұлт тағдыры» мен «Халық дабылы» қозғалыстары баспасөз мәслихатын өткізіп, Ашық хатта айтылған мәселелерді қолдап отырғандарын жеткізді. «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы Сабыржан Махмет, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, Хасен Қожахмет, белгілі саясаттанушылар Әзімбай Ғали, Болатхан Тайжан, т.б. ұлт патриоттары әсіресе қазақ тілінде шығатын кейбір газеттердің биылғы тендерден құр алақан қалғанына қынжылыс танытты. Бұл орайда баспасөз мәслихатын өткізген ұлт патриоттары министрдің ел зиялыларымен кездесіп, мәдениет саласындағы кезек күттірмейтін шаруаларды ақылдасуға шақырады.