Жаңалықтар

ШІРКЕУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЛМЫСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ашық дереккөзі

ШІРКЕУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЛМЫСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Әлем дүр сілкінді: 102 католик пірәдары балаларды зорлағаны үшін жауапқа тартылмақ. Осыған орай Рим-католик шіркеуінің қазіргі басшысы понтифик Бенедикт XVI қызтекелердің пірәдар болып, діни қызмет етуіне тыйым салмақ.

Епархияның мәліметі бойынша, 1940-2006 жылдар аралығында Дублин шіркеулерінде 102 католик пірәдары 350-ге жуық ұл балаларды зорлаған. Олардың қылмыстары таяуда ғана әшкереленді. Бұл қылмыстардың кеш ашылуына бірден-бір себеп – епископтардың үнсіздік танытуы екен. Өзінің қол астындағы қызметкерлердің қылмыстарын біле тұра, епископтар пірәдарларды уақытша басқа епархияларда қызмет етуге жіберіп тұрған. Осылайша халықтан түскен шағымдар аяқсыз қалып отырған. Бірақ өткен жылдың қараша айында Ирландия үкіметі ең ірі Фернс епархиясында тергеу жүргізіп, пірәдарлардың қылмыстарын әшкерелеген. Қазіргі Рим папасының басты мақсаты да – католик шіркеуінің бұрнағы беделін көтеру болса керек. Айтпақшы, бұл жәйт шіркеуге қатысты алғашқы дау-дамай емес. Бұдан бұрын 2002 жылы Америкада католик пірәдарларының қолынан 11000-нан астам баланың зорланғаны белгілі болған. Бірақ Американың гей-пірәдарлары «басқаның қылмысына біз жауап бермейміз» деп дабыл қағуда. Десек те ресми Ватикан айтқанынан қайтпай, жақын арада гомосексуалистердің пірәдар болып қызмет етуіне тыйым салмақ. Оның үстіне қазіргі Рим Папасы кардинал Йозеф Ратцингер болған кезінде шіркеулерде орын алып отыратын педофилияға қатысты зерттеу жүргізіп, пірәдарлардың қылмысынан өзі шошынған. Сондықтан католик шіркеуінің ғасырлармен қасықтап жинаған абыройын гей-пірәдарлардың шөміштеп төгуіне Ватикан бұдан бұлай жол беріп отыра бермейді.

Десек те, демократияны желеу еткен американдықтар Рим Папасының радикалды шешімі шіркеудің дамуын ондаған жылдарға тежеуі мүмкін дейді. Бірақ гей-пірәдарлардың кесірінен абыройы айрандай төгілген Ватикан билігі шіркеуді біржынысты отбасылары мен пірәдарлардан аластамақ.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА