Донорлар 900 литрге жуық қан тапсырды

Донорлар 900 литрге жуық қан тапсырды

Донорлар 900 литрге жуық қан тапсырды
ашық дереккөзі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің танымал әншілері мен саясаткерлері 900 литр шамасында қан тапсырғандығын хабарлады.

«Қан өткізіп, донор бол!» акциясын  «Бауыржан» қоғамдық қоры мен Қызыл Жарты Ай ұйымы бірлесіп ұйымдастырады. Аталмыш акция аясында депутаттар, отандық эстрада жұлдыздары, спортшылар, саясаткерлер мен өзге де ниетті қазақстандықтар республикалық қан орталығында қан өткізген болатын. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, «Қан өткізіп, донор бол!» акциясының аясында 1,6 мыңнан астам донор қан тапсырған. Сондай-ақ, биылғы жылы Hot Blood challenge акциясы арқылы қан тапсырған азаматтар өз әріптестері мен достарына эстафета жолдады. Ал бас тартқандар «Бауыржан» қоғамдық қорына 10 доллар көлемінде қаражат аударуы тиіс. Олардан жиналған қаржы онкологиялық ауруға шалдыққан балалар үшін жұмсалады.