Жаңалықтар

ЖАҢА КОМПЬЮТЕР-ТОМОГРАФ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ашық дереккөзі

ЖАҢА КОМПЬЮТЕР-ТОМОГРАФ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Ең бастысы — халық денсаулығы қоғамның әлеуметтік деңгейін танытар көрсеткіш болып табылатыны анық. Осы мәселені алдыңғы орынға қойған қала басшылығы да тұрғындар денсаулығын қорғауды ерекше назарға алып отыр. Елбасының бастамасымен дүниеге келген 2005-2010 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау бағдарламасында да диагностика және емдеу жүйесін халықаралық стандартқа өткізу отандық денсаулық сақтау саласындағы басты міндет екендігі айтылған еді. Демек, осы бағыттағы жұмыстарды түбегейлі шешу үшін Алматы қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың шешімімен әлемдегі ең тез және қазіргі заманғы компьютерлік томограф — «SIEMENS SOMATOM Sensatіon – 64» Алматы қаласына алынды. Қала әкімі И. Тасмағамбетовтың айтуынша, бұл компьютер-томографтың құны 2 млн. доллар тұрады екен. Ал енді мұның адам ағзасындағы аурудың түрін әп-сәтте зерттеуге мүмкіндігі мол. Аты аталып тұрғандай құрал — әлемдегі компьютерлік томографтардың ішіндегі ең тезі әрі қуаттысы. Бұл томограф қаламыздағы жаңа типте салынған көппрофильді емдеу мекемесі, Алматы қаласы тұрғындарына қазіргі заманғы жетілдірілген әдіспен емдеу-диагностикалық көмек көрсететін “Емдеу диагностикалық орталығы” Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына орнатылды. Аталған жүйе – күрделі зерттеу жүргізу, ауруларды алдын-ала зерттеу, диагноз қою және клиникалық ақпаратты тез алу үшін таптырмайтын құрал. Біздің медициналық мекемелерде қолданып жүрген осы тектес құралдар тек ағзаның басты деген мүшелерін ғана зерттейтін болса, ал енгізілген мына компьютерлік-томограф адамның барлық мүшесін, оның ішінде ішек, асқазан, қуық секілді органдарды да небәрі 2-3 минөт ішінде егжей-тегжейлі анықтай алады. Емдеу-диагностикалық орталығы дәрігер-мамандарының пікірінше, мұнда тек науқас адамдар ғана емес, екіқабат әйелдерде арнайы зерттеуден өтуіне де толық мүмкіндік бар. Алайда, біздегі осы секілді компьютер-томографтарда салмағы тек 120 келіге дейінгі адамдарды қарайтын болса, ал жаңадан қондырылған құралдың ең басты ерекшелігі, мұның 200 келіге дейінгі салмақтағы науқастарды зерттеуге күші жетеді. Енді «SIEMENS SOMATOM Sensatіon – 64» компьютерлік томографының ерекшелігіне тоқталсақ: Біріншіден, субмиллиметрлік облысының көрнектілігі мен жоғары зерттеу жеделділігін қамтамасыз етіп және безинавазды жолмен коронарокардиологиялық компьютерлік томографты зерттеуге мүмкіншілік береді. Екіншіден, барлық басқа зоналарды жоғары диагностикалық деңгейде даусыз бейнелеу сапасымен зерттеу жүргізе алады. Үшіншіден, рентгендік трубкасы айналымының жоғарғы жылдамдығы арқасында науқасты сәулелендіру едәуір төмендейді. Төртіншіден, ағза мүшелерін нәтижелі зерттеу мүмкіншілігін береді. Бесіншіден, жоғары сапалы бейнелейтін ерекше балалар бағдарламасы да жүзеге асады.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ