Жаңалықтар

АЛЬПИНИЗМ ТУРИЗМНIҢ ЕҢ ҚАУIПТI САЛАСЫ

ашық дереккөзі

АЛЬПИНИЗМ ТУРИЗМНIҢ ЕҢ ҚАУIПТI САЛАСЫ

Соңғы кездері елімізде альпинизм саласы демалыс түріне айнала бастапты. Бұл салаға қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктердің де ықыласы ауып отыр. Бізде әзірге осы саламен айналысатын жалғыз Ұлттық альпинизм қоры ғана бар екен. Ұлттық альпинизм қоры 1996 жылы құрылған. Бұл қордың көмегімен 2000 жылдан бастап, Алматы, Қарағанды, Астана, Өскемен, Петропавл, Тараз, Көкшетау қалаларында және облыс аймақтарында тауға шығуға үйрететін лагерьлер де салынған. Аталмыш орталықтарда тауға шығу өнері үйретілуде. Қазір бұл Ұлттық альпинизм қоры екі жоба бойынша жұмыс істеуде. Ересектер мен балаларға арналған альпинистік кешендер салынып, ол кешендерде туризм саласына қажетті гид-жүргізушілерді дайындайтын болады. «Тау туризмімен айналысатын ұйымдар осы саланың маманы болуға тиіс және жергілікті тау-тасты жақсы білуі керек», – дейді аталмыш қордың президенті Қазыбек Шәкімұлы. Өйткені, альпинизм туризмнің ең қауіпті түрі болып саналады. Сондықтан бұған тәуекел етіп келуші саяхатшылар да, осы салада жұмыс істейтін мамандар да аз көрінеді. Альпинизм саласына жергілікті халықтан гөрі, шетелдіктердің көңілі көбірек ауып отырғанға ұқсайды. 2000 жылдан бері тек ЮНЕСКО ғана осы қорды қаржыландырып келеді екен. 2003 жылы Алматыда өткен халықаралық туристік жәрмеңкеде сөз алған Әлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Франческо Франжиалли: «Қазақстан туризмін дамыту үлкен қажеттілік. Туризм арқылы 58 пайыз қаржы тауып отырған елдер көп. Сол елдердің қатарына Қазақстан да қосылар еді» деген болатын. Мұрат СЕРКЕБАЕВ