Жаңалықтар

Бірыңғай жол билеттері жойылады

ашық дереккөзі

Бірыңғай жол билеттері жойылады

Жаңа жылдан бастап Шымкентте бірыңғай жол билеттері біржола жойылатын болды. Бұл біреуге қуаныш, біреуге өкініш болатыны даусыз. Бірыңғай жол билеттері неліктен жойылады деген сұраққа жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары жан-жақты түсінік беруге тырысты. Олардың мәлімдемесін тұжырымдап айтсақ: біріншіден, бірыңғай жол билеттердің жалған нұсқалары қалада көбейіп кеткен, бұл жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындардың өзін­өзі қаржылық жағынан ақтауына кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Екіншіден, автотранспорт құралдарының қосалқы бөлшектері нарық жағдайында екі есеге дейін қымбаттап көптеген қиыншылықтар тудырып жатқаны осы шешімге келуге итермелегені де ашық айтылды.

Жалпы бұл жағдайға қарап жеңілдіктер мүлдем жойылады деген тұжырымға келуге болмайды. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Совет Одағының Батырларына, Социалисттік Еңбек Ерлеріне, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілерінің, “Батыр ана” орденінің иегерлеріне және көзі көрмейтін зағип жандар мен оларды ертіп жүретін бір адамға деген жеңілдіктер сақталынады.

Жаңа жылда Шымкентте осындай жаңалықтар да орын алмақ. Бұл жаңалыққа да көпшіліктің еті үйреніп кетер. Қазақ төзімді халық қой!

Балтабек ТYЙЕТАЕВ