Жаңалықтар

БҰҰ өткізген байқауда қазақстандық студент жеңімпаз атанды

ашық дереккөзі

БҰҰ өткізген байқауда қазақстандық студент жеңімпаз атанды

Қазақстандық студент БҰҰ ұйымдастырған «Көп тіл – бір әлем–2015» атты шығармалар байқауының жеңімпазы атанды. Жүлдегердің есімі – Ожас Сүлейменов Ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шанхай қаласындағы Тонгжи университетінде оқиды. Байқауға ұсынылған шығарманы ол қытай тілінде жазған. Іріктеу үш кезең бойынша өтіпті. «Қазылар алқасының екі құрамы шығарманы ойының құндылығы мен тіл меңгеру деңгейіне қарап бағалады. Екінші кезеңде сарапшылар жоғары баға алған шығармалардың авторларын ұсынылған жұмыс бойынша жеке пікірлесуге шақырылды. Үшінші кезеңде жеңімпаздар алдыңғы екі кезеңде жинаған ұпайларының саны бойынша таңдалды», – дейді Олжас. Байқаудың алғашқы кезеңіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3500-ден астам үміткер қатысқан.Ұйымдастырушылар БҰҰ-ның ресми тілдері – ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жазылған 1250-ден астам шығарма қабылдапты. Солардың ішінен тек жақсы жазылған 70 шығарманың авторы ғана жүлделерге ие болды. Жеңімпаз деп танылған қазақстандық студент енді Нью-Йоркта өтетін Қалықаралық жастар форумына қатыспақ. Үздік шығармалардың иелері өз жұмыстарын БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында таныстыра алады.