Жаңалықтар

«БҰЛ ИНАУГУРАЦИЯ БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕРЕК БОЛМАҚ»

ашық дереккөзі

«БҰЛ ИНАУГУРАЦИЯ БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕРЕК БОЛМАҚ»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ант қабылдау рәсiмi 11-қаңтарда өтедi. Ал бұл инаугурация салтанатының бұрынғылармен салыстырғанда, өзгерек болатын түрi бар. Бұл жайлы Сыртқы Iстер министрлiгiнiң арнайы өкiлi Ержан Ашықбаев арнайы брифинг кезiнде айтты. Ол «1999 жылғы ант беру рәсiмiмен салыстырғанда, бұл инаугурацияның жөнi бөлек. Осы рәсiмге қатысатын қонақтар саны да мол болмақ» дейдi. Қазiр Сырқы Iстер министрлiгi шетел мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым өкiлдерiнiң Елбасының ант беру рәсiмiне келуiн қамтамасыз ету үшiн арнайы iс-шаралар атқарып жатыр екен.

Ал атқарушы билiктiң төменгi буын өкiлдерi қазiр демдерiн iштерiне тартып отыр. Өйткенi, олардың жұмысын әрi қарай жалғастыратындығы немесе креслосын тастап кетуi дәл осы инаугурациядан кейiн белгiлi болмақ.

Гүлнәр Мұқанова