Саакашвилидің жалақысы - 267 доллар

Саакашвилидің жалақысы - 267 доллар

Саакашвилидің жалақысы - 267 доллар
ашық дереккөзі

Грузияның экс-президенті, Одесса облысының жаңа губернаторы Михаил Саакашвилидің айлық жалақысы жария болды. Саясаткердің еңбекақысы – 5644 гривен, қазіргі валюта бағамымен есептегенде шамамен 267 АҚШ долларына тең. Саакашвилидің табысы жөніндегі ақпаратты жергілікті саясаткер Глеб Каневский өзінің блогында жариялаған. Оның айтуынша, қазіргі Одесса губернаторының жалақысы Министрлер кабинетінің 2015 жылдың 14 ақпанындағы №43 қаулысына сәйкес бекітіліпті. Экс-президенттің Украина азаматтығын алып, Одесса губернаторы болып тағайындалғанына небәрі екі-ақ апта болды. Өз елінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін айыпталған саясаткер қазір Грузиядан қашып, бөтен елде бас сауғалап жүр. Одесса билігін қолға алғалы бері ол жергілікті халыққа тек жақсы қырынан көрініп, өзін мықты саясаткер, тәжірибелі басшы ретінде танытуға тырысып бағуда. Саакашвилидің белгілі ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакпен бірге өңірдегі ірі базарды аралап, жергілікті еңбеккерлердің мұң-мұқтаждарын тыңдауы да өз беделін ілгерілету мақсатынан туған қадам екені айтпаса да түсінікті. Журналиске берген сұхбатында ол Одессаның туризмін дамытуға айрықша мән беретіне сендірді.