Жаңалықтар

«Аллаһу» асқабаққа түсiптi

ашық дереккөзі

«Аллаһу» асқабаққа түсiптi

Әңгiме асқабақтың дәнiнде. Асқабақ анау айтқандай күтiмдi керек етпейдi. Суды қанып iшiп, күн шуақтап жата бередi. Ендi әлгi асқабақты пiлтесiнен әдемiлеп кестiм де, оны да үйге алып келе жатқанмын, сөйтсем әлдеқандай бiр жазуды көзiм шалды. Қабықтың көп қыртысы дейiн десем, жазу кәдiмгiдей одырайып тұр. Ішiм әлде нәрсенi сезедi. Мешiт қауымдағыларға апардым. Бәрi жағаларын ұстасты. Ораза айы ғой. Құдайдың құдiретi деп, таң қалысып жатыр. Асқабаққа «Аллаһу» деген сөз түскен екен. Мiне, айтарым осы. Өзiңiзге аманаттап, берiп отырғаным. Ел-жұрт көрсiн. Мен мұны қалай ас қылмақпын. Газетке жария етсеңiз дұрыс болар едi», – дедi.

Сөйтiп, мен асқабақты даладан қалаға алып келдiм. Расында да кейiнгi кезде, Құдайдың осындай бiр құдiреттерiн көрiп те, бiлiп те жүрмiз ғой. Бiрде төлге, бiрде жұмыртқаға, бiрде тағы бiр жердегi «Алла» сөзi, ендi асқабаққа да түсiптi. Бұл не?

Бұл «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

Оңтүстiк Қазақстан облысы,

Ақдала ауылы

Ғалымжан Мелдеш