Жаңалықтар

Ахметов үкiметi мемлекеттiк тiлдiң көсегесiн көгерте ме?

ашық дереккөзі

Ахметов үкiметi мемлекеттiк тiлдiң көсегесiн көгерте ме?

Маусымның сегiзiнде болған Үкiмет отырысын­дағы негiзгi мәселе — ұлттық инновациялық жүйенi қа­лып­тастыру және «элек­трон­ды үкiметтi» құрудың тұжырымдамасын жасау болды. Мұндағы елдi елең еткiзген бiр жаңалық — мем­лекеттiк тiлдiң қолданылу барысын ел Премьерiнiң қадағалауы. Ол «Тiлдер ту­ралы» заң мен Тiлдердi да­мытудың 2001-2010 жылға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы есептi тыңдады. Мәдениет министрi Дүйсен Қасейi­новтiң айтуы бойынша, мем­лекеттiк тiлдiң қазiргi жағ­дайы адам қызығарлықтай емес. Мемлекеттiк тiлдi жүзе­ге асыру барысын жеделдету үшiн министр Тiл саясаты жөнiндегi департаменттiң рө­лiн күшейтудi ұсынады. Ол тiп­тi бұл департаменттiң Ко­митет деңгейiне жеткенi жөн деп есептейдi. Ал Ауыл-ша­ру­а­шылығы министрiнiң I орын­басары Асқар Мырзах­метов Ауылшаруашылығы ми­нис­тр­лiгi 2006 жылдан бас­тап мем­лекеттiк тiлге толықтай көшедi деген мә­лiмдеме жасады.

Премьер-министр мемле­кеттiк қызметкерлерден мем­лекеттiк тiлде iс-қағаздарын жүргiзудi талап ету керек дегендi айтты. Қазiргi мәлi­мет бойынша, iс-қағаз­да­ры­ның 90%-i орыс тiлiнде жүр­гi­зi­ледi. Даниал Ахметов бұл мәселеге жарты жылдан кей­iн айналып соғатындығын бiл­­дiрдi. Әуелi таяу арада ми­нистрлердiң мемлекеттiк тiлдi қалай бiлетiндiгiн сы­нақтан өткiзу де жоспар­лан­ған көрiнедi.

Сөз бар, ал нақты iске қа­шан көшерiмiздi құдай бiл­сiн. Премьердiң бұл игi iсiн құптай отырып, жарты жыл­дан кейiн сайлау аяқ­талып, бәрi орнына келген соң, қай­тадан таз қалпы­мызға түсемiз бе деген кү­мән да жоқ емес.

Есенгүл Кәпқызы