Головкин-Альварес кездесуі: "Канелоны" кім алмастырады?

Головкин-Альварес кездесуі: "Канелоны" кім алмастырады?

Головкин-Альварес кездесуі: "Канелоны" кім алмастырады?
ашық дереккөзі
5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда бұл жекпе-жек мексикалықтың қанынан кленбутерол табылуы салдарынан өтпей қалуы мүмкін.  Sports.kz порталының хабарлауынша, Головкиннің командасы өз шәкіртіне өзге қарсылас іздей бастады. Бұған дейін Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда рингке шығуға дайын екенін жария еткен еді. Енді Головкинге атағы шыға қоймаған мексикалық Джейми Мунгия (28-0, 24 КО) қарсылас атануы мүмкін екені анықталды.  21 жастағы боксшының бірде-бір атақты қарсыласы болмаған. "Головкиннің командасы О’Салливан жайлы айтып жатқанын естіп қалдым. Сондай-ақ Джейми Мунгияға ұсыныс жасалды", —  деп инсайдер Дэн Рафаэлдің сөзінен үзінді келтірген Boxingnews24.