Балмұздақтан уланған шымкенттіктердің қатары 50-ден асты

Балмұздақтан уланған шымкенттіктердің қатары 50-ден асты

Балмұздақтан уланған шымкенттіктердің қатары 50-ден асты
ашық дереккөзі
Шымкентте балмұздақтан уланып, ауруханаға түскендердің саны 50-ден асқан. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  Бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқас қалыпты жағдайға түскен.  Бір ересек тұрғын мен жүкті әйел және екі жасөспірім қазір бөлімшелерге ауыстырылған. Сондай-ақ алты науқастың денсаулығы жақсарған соң, ауруханадан шығарылды. Сала мамандарының сөзінше, кешеден бері  балмұздақтан уланып, ауруханаға түсіп жатқандар бар. Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 50-ден асқан. Сонымен қатар балмұздақ жеп ауырғандардың бірқатары аудан-ауылдарға тарап кеткен. Олардың да нақты саны мен ауру белгілері қазір анықталу үстінде екен. Еске сала кетсек,  Шымкентте тұрғындар балмұздақ сататын «Южное» сауда орыннан тәтті жеп жаппай уланып қалған болатын. Салдарынан 27 наурыздан бері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына елдуден астам адам түсті. Өңірде осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ Облыстық ішкі істер департаменті  Қылмыстық кодексінің 304-бабы  «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындады.