Равшан Ирматов: Қазақстанның Түркияны жеңуге мүмкіндігі мол

Равшан Ирматов: Қазақстанның Түркияны жеңуге мүмкіндігі мол

Равшан Ирматов: Қазақстанның Түркияны жеңуге мүмкіндігі мол
ашық дереккөзі

Бүгін Алматыда өтетін Қазақстан мен Түркия құрамаларының ойынын әркім әр саққа жүгіртіп, түрлі болжамдарын ұсынуда. Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалайтындардың бірі – Өзбекстанның белгілі төрешісі, ФИФА төрешісі Равшан Ирматов. Алдағы матчқа қатысты өз ойын білдірген төрешінің айтуынша, Қазақстанның Түркияның жеңуге әлі жетеді. "Мен алты ай бұрын Түркия мен Бразилия арасында өткен жолдастық кездесуде төрелік еттім, ол Стамбұлда болған еді. Сол ойында бразилиялықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. Таяуда Қазақстан - Буркина-Фасо кездесуінде жұмыс істедім. Сөйтіп, екі команданың да ойынын көрдім. Мен Қазақстанның Түркиямен күресуге, тіпті жеңуіне әлі жетеді дер едім. ", - деді Равшан Ирматов. Төрешінің айтуынша, қазақстандықтардың өз жерінде ойнауы, жанкүйерлерімен бірге болуы да ойынның нәтижесіне оң әсер етеді. Ирматов Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі: «Түркия қиын кезеңді басынан кешіріп жатыр, сондықтан Қазақстан құрамасының бұл матчта оң нәтижеге қол жеткізуіне әбден болады деп ойлаймын. Көршілерімізге тілек білдіргім келеді, сәттілік қазақстандық футболшылар жағында болсын, футболда сәттілік маңызды роль атқарады", - деді ол. Бүгін – Қазақстан тфутболы үшін аса маңызды күн. Алматының Орталық стадионындағы ойын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында өтетінін еске сала кетейік. Күші мен мүмкіндігі еселене түскен Қазақстан футболшыларына сеніміміз мол. 22.00-де межелі жерге жиналып, өз спортшыларымызға қолдау көрсетейік!